È

Шұғыла Сержан: «Мен қазіргі кезге дейін қызығатын тақырып – отбасы махаббаты»

Шұғыла Сержан: «Мен қазіргі кезге дейін қызығатын тақырып – отбасы махаббаты»

Шұғыла Сержан 1995 жылы ҚХР дүниеге келген. 2016 жылы ҚазҰӨУ «Кино режиссурасы» мамандығы бойынша оқуға түсті (Ерлан Нұрмұхамбетов шеберханасы). «Самал» фильмі режиссердің дебюті.


- Сіз үшін кино деген ұғым қандай мағына береді?

Кино мен үшін өмірімнің мағынасы секілді. Мен өз қалаған мамандығыма түспей тұрғанда «мен кіммін, неге өмір сүремін?» деген сауалдардың жауабын білмедім. Ал өзім қалаған мамандықты тапқанда, мен басқа мамандықта оқып жүрдім. Бір жыл бойы армандаған мамандығымды ойлап, күндерім сұрланып, мәнсізденіп кетті. Соңында – ата-анамды, туыстарымды, достарымды, білгенімнің бәрін артта қалдырып, кино үшін жаңа өмір, жаңа жол бастаймын деп шешім қабылдадым. Сонымен, арман қуып осында келдім. Бүгінде қарасам, осыдан басқа менде ешнәрсе жоқ секілді. Өміріме мән беретін, қызығушылығымды оятатын, өмірімнің бір бөлігі – кино. Кино арқылы ғана мен тіршіліктен алыстап, өмір сүре алам.

- Кино саласына келуіңізге себепкер болған кім/не?

Бала кезімнен менің отбасымдағылар киноны өте жақсы көретін. Көбіне әкем бастайтын. Әкем де жас кезінде армандаған, ал қазір отбасына байланып, өз-өзін балаларының құрбаны ретінде көретін сияқты боп сезіледі. Сол себептен де, ол еркін өмір сүруге тырысатын. Ойындағысын істейтін, еш нәрсе ойламай кетіп қалатын… Кейін келе, ол кісі осы өмірден қашып кете алмайтынын білген секілді, тынышталып қалды. Ауылда тұрып өзі білмейтін өмірді солай кинодан қарайтын. Әр күні фильмдер көруді ұмытпайтын. Біз де солай бірге көрдік. Қалада оқып жүрген ағам үйге әр келгенде кино дисктерді алып келетін. Бір фильмді жүз рет көрсек те жалықпайтынбыз. Сол кездері, мен тіпті режиссер деген түсінікпен таныс емес едім. Тек, кино түсіретін адам болуды армандайтынмын. Ағамның көне фотоаппаратын көтеріп ойнап кино түсіретінбіз. Кейін есейе келе, мен барған сайын кинодан айырыла алмайтын сияқты болдым. Аралықта өзімнің не істейтінімді білмегенде менің таңдай алатын жолым осы ғана сияқты болып сезілді. Сонда мен өзім үшін кино түсіруім керек екенін түсіндім және осы жолды бастап кеттім.

- Сізді шабыттандыратын қай режиссердің шығармашылығы? Олардың жұмыстары несімен ерекшеленеді?

Мені Аббас Киаростамидің (Abbas Kiarostami) және Одзудың (Yasujiro Ozu) шығармашылығы шабыттандырады. Олар шынайы таза кино түсіре білген. Мен олардың фильмдерін көргенде бәрін ұмытамын. Олардың фильмдері жылы әрі суық, олар ауыртпайды. Бірақ оларды толықтай сезінуге болады. Олардың фильмдері өмірдің ең ұсақ, ең шынайы бөлшектерінен құралады, ондай бөлшектерді табу үшін өмірді шын сүйе білу керек.

«Үміт» - ТМД елдері киносының форумы
«Үміт» - ТМД елдері киносының форумы

- Киноның қоғамдағы ролі қандай болуы қажет?

Көп жағдайда мен әр түрлі фильмдердің шығуына қарсы емеспін, тіпті, мен түсірген фильмдер қоғамда қандай роль атқаратынын өзім де білмеймін. Қазіргі кезде, мен үшін, кино бір жеке естелік сияқты. Алдымен фильм түсіремін, оны көрерменмен бөлісу бөліспеуді кейін шешемін.

- Қазақ киносының өткені мен бүгінін салыстырып қарайтын болсақ, қандай өзгерістер орын алып отыр?

Менің ойымша бұрынғы фильмдер қоғамға ортақ болған сияқты. Қоғамдық мәселе, қоғамдағы белгілі типтердің өмірі сияқты. Ал жаңа толқыннан кейін ол жеке адамдар туралы болды. Тек қана белгілі типтің жинағы емес, қайта әдеттегі «мен және сен» – жеке адамдардың өзінің әңгімелері, олардың қайғысымен қуанышы туралы. Ал қазіргі кезге келсек, жақсы фильмдер әрине бар, бірақ заман әсері деймін бе, әлде өзіне сенбеушілік деймін бе, жас режиссерлер басына ойын қалпағын киіп, өз қиялынан шыға алмай жатқан сияқты. Олар маңайындағы заттарға назар салмайды. Сол себептен олардың фильмдері ойын сияқты.

- Сіздің ойыңызша, қазіргі отандық фильмдерге не жетіспейді?

Қазіргі отандық фильмдерге жетіспейтіні ол кино саласындағы мамандар және жауапкершілік

- «Байқоңыр» кинофестивалінде көрсетілген фильміңіздің идеясы қалай пайда болды?

«Самал» фильмнің сценариін мен бірінші курста оқып жүрген уақытта жазған болатынмын. Досым Айдана маған көмектескен. Бірінші курста оператормен және продюсермен танысып, жаз бойы түсірілімге дайындалып жүрдік. Күз басталғанда Алматы облысындағы, ол кездегі Райымбек ауданынан ауыл тауып, түсіргендік.

- Болашақта қандай тақырыптарда фильм түсірмек ойыңыз бар? Аталмыш тақырыпқа қызығушылығыңыздың себебі не?

Мен қазіргі кезге дейін қызығатын тақырып – отбасы махаббаты. Ана махаббаты. Себебі мен осы уақытта үйімді көп сағынамын, ес білген соң сезінемін. Олар менің ең жақын адамдарым екенін түсінемін. Олар мен үшін қаншалықты қиналғанын және мен үшін көп нәрселерден бас тартқанын біліп отырмын. Сондықтан менің келесі фильмдерім отбасыма арналады.

Дайындаған Baiqonyr ISFF дирекциясы

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Baiqonyr ISFF: Ushqyn байқаудан тыс бағдарламасы

ІІ ХКФ Ushqyn студенттік кинофестивалінің үздік қысқаметрлі фильмдері Baiqonyr ISFF-де көрсетіледі

Brod.kaz

Казахстанское кино

9 Қыркүйек, 2019

IV Baiqonyr International Short Film Festival жеңімпаздары

Baiqonyr фестивалі қысқаметрлі кино саласындағы үздік режиссерларды анықтады 

Brod.kaz

Baiqonyr ISFF: Ұлттық байқаудың қатысушылары

Байқауға 22 қысқаметрлі фильм енді

Brod.kaz

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер