È

«Қымбатты әке» фильміне пікір

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Қыз бала әрдайым әкесіне жақын болып өседі. Бұл сөзіме экран желісіне жаңа шыққан «Қымбатты әке»Дорогой папа») атты ресейлік фильмі дәлел бола алады.

Режиссер Михаил Расходниковтың түсірген фильмі отбасылық мәселелермен қатар, кәсіпкерлер жайлы баяндайды. Сюжет желісіне біраз тоқтала кетсек: үлкен сауда желісінің иесі, мықты кәсіпкер Вадим (Владимир Вдовиченков) компаниясын өркендету мақсатында қытай инвесторын тауып, келіссөз жүргізеді. Өз мақсатына жетпей қоймайтын басты кейіпкер шетелдік кәсіпкерді ақыры серіктесі болуға көндіреді. Алайда, анасы мұра ретінде қалдырып кеткен компания өзіне емес, қызына тиесілі болып шығады. Осы сәттен бастап, фильмнің ең қызықты тұсы басталады. Себебі, Вадим жас кезінде отбасын емес, қызметін таңдап, қызы Алинаға (Валентина Ляпина) мүлдем қарайласпаған еді. Сондықтан, мінезі ауыр қызының көңілін тауып, оны мұрадан бас тартуға көндіру оңай болмайды.

Дегенмен, уақыт өте келе, Алинаның қаншалықты өзіне жақын екенін сезінеді, әкелік махаббаты оянады. Алғашында бар жоспары байлыққа қатысты болса, кейін жанұсына қарай ауысады. Ең соңында, әкесі мен қызының арасындағы махаббат бар қиындықты жеңіп шығады. Вадимнің анасы да мұраны немересінің атына жаздырғаны бекер емес. Яғни, ол да ұлының өз қызымен татуласып, қауышуын армандаған. Әрине, бұл дүниеде ұрпақтың бақытынан асқан бақыт бар ма?!

Фильмнің қоюшысы - Михаил Расходников («Уақытша қиындықтар»), ал жоба сценаристерінің арасынан Тихон Корнев («Гоголь. Басы», «Экипаж»), Павел Руминов («Мәртебесі:Бойдақ», «Дизлайк») және дебютант Максим Романцовты байқауға болады.

Актерлардың ойыны да шынайы. Өмірде кездесетін түрлі оқиғалар боямасыз қаз-қалпында суреттелген. Қала мен ауыл өмірі де назардан тыс қалмады.

Отбасы төңірегінде өрбитін сюжет желісі өте әсерлі. Әкесі мен қызының арасындағы махаббат әдемі бейнеленген. Бір-біріне қолдау білдіріп, қиындықтан шығар жолды бірге іздеп, сырласып жүргенге не жетсін?!

Бұл - қазіргі таңдағы өзекті тақырыптың бірі. Бүгінгі қоғам «жұмыс, жұмыс» деп жүріп, махаббат, жылулық, сезім мен мейірімділікті ұмытып бара жатқандай... Аласапыран заманда үнемі асығып-аптығып жүретін қоғамға отбасылық махаббат ауадай қажет. Дүниені ешқашан жинап болмайсың, ал отбасы әр адам үшін үнемі бірінші орында болуы тиіс.

Сондықтан, бар жұмысыңызды бір сәтке ысырып қойып, жанұяңызға көңіл бөліп, «Қымбатты әке» киносын отбасыңызбен бірге тамашалап қайтуға кеңес беремін.

Киноға Мадина Кегенбаева барды

 

«Бродвей» редакциясы «Қымбатты әке» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін Meloman Entertainment компаниясына және Chaplin Mega Alma-Ataкинотеатрына алғыс білдіреді.

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

29 Апреля, 2016

Көшбасшы жолы

27 сәуірде «Көшбасшы жолы» киноэпопеясның «Жұлдыздар тоғысқанда» деп аталатын сиквелінің тұсаукесері болды. Фильм Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі жайлы. 

Айнур

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер