90-жылдардағы тақырыпты қазақ киносында пайдалану
Сіздерде де «кинематографистер тоқсаныншы жылдардағы тақырыпты неге қозғай береді екен» деген сұрақ туындаған болар. Олар сол кезді жеке тарихи уақыт деп қарастырып жатады. Ол уақыттың мәнін 2007 жылы, әсіресе «Рэкетші» фильмі шыққаннан кейін түсініп болуымыз керек еді ғой. Бірақ, 2016 жылы бір ай көлеміндегі айырмашылығымен үлкен экранға бірден екі қылмыстық драма шығады.
Нұртас Адамбай үшін «Тараз» – айналымда өздерін жақсы көрсете білген комедиялар тізбегінен кейін түсірген алғашқы қылмыстық драмасы. Адамбайдың картинасында Оңтүстік Қазақстанда тұратын адамдар туралы аңыз жалғасын табады. Бұл бала кезден бері бірге жүрген үш достың хикаясы. Түнгі клубтағы төбелестен қылмыс беделінің ұлы қайтыс болады. Жігіттер өздеріне қауіп төніп тұрғанын түсініп, қаладан қашып кетеді.
«Тараз» фильмінен көрініс
Ақан Сатаев «Аудандарда» жастық шағына деген сағынышын көрсетеді. Оның қылмыстық тақырыпқа қатысты түсірілген үшінші фильмін басқаша түсіндіру мүмкін емес. Кинода анасымен және қарындасымен Алматыға көшіп келген Арсен туралы баяндалады. Ол аудандағы балалар тобына сіңісіп кетуге тырысады.
Нұртас Адамбай бір сұхбатында былай деген еді:
«Біз салған 400 мың долларды ақтау үшін, фильм 1.1 млн. доллар жинауы керек, өйткені кинотеатрлардың, таратушылардың және салықтың пайыздары бар. Біздің уақытта мұндай көлемді қаржыны табу қиынырақ»
Сондықтан, қылмыстық драмалардың коммерциялық табысты көздемейтіні белгілі.
«Аудандар» фильмінен көрініс
Елімізде халықтың жартысына физикалық шешім өзекті болып келеді. Әділдікті қалайтын адам өз мақсатына жету үшін кей жағдайда күш қолдану керектігін жақсы түсінеді. Осылайша, шайқас арқылы маңызды мәселелерді шешіп отырған қазақ батырларына, архаизмге қайта ораламыз. Мүмкін, бұл жағдайға діліміз де әсер ететін шығар. Дегенмен, фильмде сондай бір әлеуметтік саты жоқ, кейіпкер материалды жағдайын жақсартып, қиын істердің шешімін тез тапса да, аяғында қайтыс болып кетеді.
«Соқыртеке» фильмінен көрініс
Ресейде «Соқыртеке» (2005 ж.) фильмі шыққаннан кейін тоқсаныншы жылдардың тақырыбы қозғалмады. Бұл елде орта таптың пайда болуына тікелей байланысты. Адамдар өз еңбегімен үлкен қаржы тауып, дивидендтерге ие болады. Ал Қазақстанда мұндай белгілі мысалдар жоқ. Қазір Ресейдегі кино түсірушілер Ұлы Отан соғысы, Әйгілі Русь және комедия тақырыптарына көп тоқталады. Әрине, ресей қоғамының өзекті мәселелерін талқылайтын режиссерлар да баршылық. Адамдар олардың фильмдерімен ғаламтор арқылы таныса алады. Қазақстанда өзекті мәселелерді «Партизан киносының» қатысушылары көтереді, олар фильмдерін фестивальдерде таныстырады, бірақ көрермендер сол жас режиссерлардың жұмыстарын көре алмайды.
Тоқсаныншы жылдардағы тақырыпты жауып, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерге назар аударатын уақыт келді ғой. Шынайы сұрақтар қойып, солардың жауабын табайықшы.
Айдана Жанәділова
Болат Ысқақов
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін