È

Топ-10 Қазақстан актрисалары

Топ-10 Қазақстан актрисалары

Табиғат оларға сұлулық пен дарын сыйлаған. Олар танымал, өз істерінің кәсіби мамандары. Көп ретте кинокартинаның сәтті болуына олардың қосатын үлесі үлкен. Бүгінгі топ – сіздердің таңдауларыңыз, оқырмандар мен көрермендердің таңдауы, осы сұлуларға сіздер өз дауыстарыңызды бердіңіздер. Сонымен сұлу көркімен, ақылымен отандастырымыздың жүрегін жаулаған таңдаулы ондық кімдер?

10-ыншы орын - Әлия Ануарбек

«Мисс Алматы-2011» титулының иегері Әлияның алғашқы дебюті Ақан Сатаевтың «Ағайынды» фильмінде болды. Кейіннен актриса Жаужүрек мың бала» тарихи кинокартинасына түсті. 2014 жылы өзінің үйлену тойына дайындала жүріп, актриса қырғыз режиссеры Руслан Акунның «Герой моей девушки» комедиясына және отандық «Вопреки всему» сериралына түсіп үлгерді.

9-ыншы орын - Айнұр Ильясова (Рамазан)

Театр және киноь актрисасы «Келинка Сабина» және «Побег из аула. Операция «Махаббат» фильмдері арқылы танымалдыққа ие болды. осы жобалардан бөлек Ильясова «Базарбаевтар», «Сырғалым», «Преподы», «Бажалар» сериалдарына түсті. Шығыс аруына тән түр-келбетінен-ақ актрисаның өзге ұлтқа қатысы бар екені байқалып тұрады, әкесі ауған ұлтының өкілі. Шығыстың кербез сұлуы биылғы жылдың маусым айында тұрмыс құрып, Рамазан деген жұбайының тегіне өтті.

8-інші орын - Гүлнар Дусматова

Кино әлеміне Гүлнар Дусматова 12 жасында келді. Биылғы жылдың жазынжа прокатқа Гүлнардың қатысуымен «Моя чужая» фильмі шықты. Күзде Ақан Сатаевтың «Районы» драмасы шығады, онда актриса негізгі рөлдердің бірін ойнады.

7-інші орын - Бибігүл Ақтан (Суйіншалина)

Ресей фильмдеріне түсуге жиі шақыратын отандық актрисалардың бірі. Сұқбаттарының бірінде ол атқа міну спортына қызығатынын айтқан. Алайда актрисакға атқа отыра алатындығын көрсетуге тек «Минус 550» сериалында мүмкіндік туды.

6-ыншы орын - Әсел Садуакасова

Бүгінде Әселдің қоржынында екі картина бар, осы фильмдерге Әсел Садуақасова тек актриса ретінде ғана қатысып қоймай, продюсерлікті де өз қолына алған болатын. «Әдел» драмасы мен «Замуж в 30» комедиясын көрермен жақсы қабылдады, бұл дегеніміз Әсел мен оның Sunny production компаниясы кинодағы жұмысын жалғастырады деген сөз.

5-інші орын - Қарлығаш Мұхамеджанова

Қарлығаш Мұхамеджанованың қоржынында ондаған кинорольдер бар. Комедия данрындағы актрисаның дебюті Нұртас Адамбайдың Келинка Сабина 2» фильміндегі рөлі. 2016 жылдың желтоқсанында көрермен Қарлығашты телеэкранға шығатын «Қазақ елі» тарихи жобасынан көре алады. Сонымен табиғатынан өте сұлу актриса L'Oreal косметикалық фирмасының Қазақстандағы келбетіне айналды.

4-інші орын - Гүлназ Жоланова

Өзінің актерлық карьерасын көпсериялы жобалардан бастаған Гүлназ Жоланова үлкен кинода сенімді аяқ басуда. Оның дебюттық толық метрі – «Тараз». Осыдан кейін ол Нұрлан қоянбаевтың «Бизнес по-казахски» комедииясына түсті және Жасұлан Пошановтың «Путешествие в Кашгар» фильміне де қатысты.

3-інші орын - Айсұлу Әзімбаева

2016 жылы Айсұлу Әзімбаева «НТК» телеарнасынан көрсетілген «Адалиты. Одни из нас» сериалына ғана түсті. Қазір жас актриса театрлық қойылымдарға көбірек көңіл бөліп жүр. Ол бүгінге дейін «Любовница», «Толстая тетрадь» және «Счастливые поют» қойылымдарына қатысып үлгерді. Алдағы жылы қандай қойылымда ойнайды екен, осы жағы қызық.

2-інші орын - Аружан Джазильбекова

Биылғы жылы Қазақстанның киносыншылары ассоциациясы Аружан Джазильбековаға «Үздік әйел адам рөлі» атағын берді. Өйткені «Свадьба на троих», «Рэкетир 2» секілді сәтті шыққан кинокартиналарда негізгі рөлдерді ойнады. Ал жақында Ақан Сатаевтың актрисаның қатысуымен «Анаға жол» картинасы шығады. қазіргі кезде актриса ресейлік «Золотая Орда» сериалына түсіп жатыр.

1-інші орын - Әсел Сағатова

Бәрінен де көп дауыс жинаған Әсел сағатова бірінші орынға жайғасты. Тамыз айында актриа «Районы» фильміне түсті. Жолдасымен бірге Әсел ұл бала тәрбиелеп отыр. Қазіргі таңда әсел кинемотографқа бұрынғыдан азырақ уақыт бөлгенімен, оның қазіргі түсіп жүрген фильмдерінен-ақ актрисаның жобаларды, рөлдерді таңдаудағы талғамы жоғары екенін аңғаруға болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер