È
Кіру
Парольді ұмыттыңыз ба?

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунт жоқ па?Тіркелу

Қолданушы келісімі

Келісім шарттарымен таныстым

Тіркелу
+7
Пожалуйста, оставляйте реальные данные, чтобы мы могли помочь вам в случае возникновения проблем работы сайта.

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунтыңыз бар ма?Кіру

Парольді қалпына келтіру

Жоқ, рахмет.Мен парольді есіме түсірдім

Казахстанский Бродвей
Кинотеатр
Қазақстан киносы
  • Әлемдік кино
Онлайн қарау
Жаңалықтар
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Кастингтер
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
Рейтинг Афиша Тұлғалар Тесттен өту
Ру
Бродвей
  • Онлайн қарау
    • Қазақстан киносы
    • Әлемдік кино
  • Киноөндіріс
  • Тест
  • Тұлғалар
  • Рейтинг
Кастингтер Дүкен Кинотеатр Афиша
Жаңалықтар
  • BrodLive
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
  • Өткенге шолу
  • Тесттен өту
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан киносы
  • VIII студенттік және дебюттік халықаралық «Бастау» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

VIII студенттік және дебюттік халықаралық «Бастау» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

  • 8 желтоқсан, 2019
  • Brod.kaz
  • 1 826
  • 0
VIII студенттік және дебюттік халықаралық «Бастау»  кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

VIII студенттік және дебюттік халықаралық «Бастау» кинофестивалі жеңімпаздарды жариялады. Фестивальдің тарихында алғаш рет қысқаметражды фильмдермен (Bastau Shorts) қатар дебюттік толықметражды (Bastau Debuts) қартиналар да бақ сынады. Аталған бағдарламаға Еуропа елдері, жақын және алыс шетелден ондаған толықметражды фильм қатысқан.

Bastau Debuts толықметражды дебюттік фильмдер байқауының халықаралық қазылар алқасы құрамында ресейлік кинорежиссер, сценарист және продюсер Михаил Сегал (төраға), киносыншы Роберто Куэто (Испания), продюсер Денис Васлин (Нидерланд), театр және кино актриса Нелли Уварова (Ресей), актер және продюсер Фархат Абдрайымов (Қазақстан) жұмыс атқарды және жүлделерді төмендегідей үлестірді:

Үздік фильмге Гран-при: «Қабірлерді қозғау» (режиссері Чон Сын-о, Оңтүстік Корея);

Үздік режиссура жүлдесі: «Ыңырсу» (режиссері Доминик Сангма, Үндістан, Қытай);

Қазылардың арнайы жүлдесі: «Мәриам» (режиссері Шәрипа Оразбаева, Қазақстан);

Үздік ер адам ролі үшін жүлдесі: үлестірілмеді;

Үздік әйел адам ролі үшін жүлдесі:

«Көңілден кеткен», актриса Юдита Франкович, режиссері Миха Маззини (Словения, Хорватия, Сербия);

«Пәк қыздар», актриса Джой Ригер (режиссері Керен Бен Рафаэль, Израиль, Франция, Бельгия);

Қазылардың арнайы аталымы: «Бәрі де анам үшін» (режиссері Малгожата Имельска, Польша).

Биыл Bastau Shorts қысқаметражды фильмдер байқауына қатысуға өтінім жолдаған ұсынымдар былтырғыға қарағанда көп келіп түскен. Әлемнің 44 елінен 360 картина қатысқан. Фестивальдің халықаралық әлеуетінің артқанын осыдан байқауға болады.

Бұл байқаудың жеңімпаздарын төмендегі халықаралық қазылар алқасы таңдады: режиссер, сценарист, кинопродюсер Гела Баблуани (Франция), актриса Рано Шодиева (Өзбекстан), кино және театр актері Александр Пашков (Ресей) және режиссер Шәрипа Оразбаева (Қазақстан). Аталған байқаудың жүлделері төмендегідей үлестірілді:

Үздік қысқаметражды деректі фильм жүлдесі: «Ауыл күйі», режиссері Әсел Сыдықова (Қырғызстан);

Үздік қысқаметражды анимациялық фильм жүлдесі: «Ақыры драмаға толы», режиссері Кериха Арнэ (Латвия);

Үздік қысқаметражды көркем фильм жүлдесі: «Сатушы», режиссері Сречита Дас (Үндістан);

Қазілар алқасының арнайы жүлдесі: «Дипломмен ауылға», режиссері Самғар Рахым (Қазақстан).

Аталған байқаудың киноленталары әдеттегідей студенттік қазылардың жүлдесіне таласқан. Биыл оған 7-Халықаралық «Бастау» кинофестивалінің Гран-при иегері Әлішер Жәдігеров төрағалық етті.

Студенттік байқаудың қазылары режиссер Лаура Тамошюнайтенің (Литва) «Бақыт жанымнан өтіп бара жатқанда ұйықтап жатқам» фильмін үздік қысқаметражды фильм деп танып, Гран-приді берді.

Ал қазылардың анрнайы жүлдесі Мартинс Гаусиштің «Көжек» (Латвия) фильміне бұйырды.

Айта кетелік, «Бастау» кинофестивалінде биыл сонымен қатар жаңа бағдарлама Bastau Docs - әлемнің үздік деректі фильмдеріне арналған бағдарлама ашылған болатын. Бағдарлама шеңберінде 10 елден (Иран, Қазақстан, Ресей, Норвегия, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Армения, Польша, Беларусь) 10 деректі фильм көрсетілді. Бағдарламаны ТМД елдері, Балтика және Скандинавия елдеріне Multimedia Promotion кинокомпаниясының Швециядағы, фильмдерді дистрибуциялау мен сатып алу жөніндегі директоры Борис Шульман жүргізді.

Ораз Әбішев атындағы жүлде екі бірдей картинаға табысталды. Бірі үздік деректі фильм деп танылған Армения режиссері Арсен Аракелянға «Айна арқылы» фильміне берілсе, екіншісі студенттік кино бағдарламасына қатысқан режиссер Камилла Бердімұратованың «Тақсыр» атты деректі фильмі үшін берілді.

  • 8 желтоқсан, 2019
  • Brod.kaz
  • 1 826
  • 0

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Казахстанское кино

31 желтоқсан, 2019

Алматыда ұлттық «Құлагер-2019» киножүлдесі табысталды

«Құлагер»  ұлттық кинематографиялық жүлдесі 2007 жылдан бастап өткізіледі

Brod.kaz

Казахстанское кино

11 желтоқсан, 2019

«Еркін» фильмі қазақстандық прокатқа шығады

 Фильм 2019 жыл 12 желтоқсаннан бастап прокатқа шығады

Brod.kaz

Казахстанское кино

5 Мамыр, 2016

«Жұлдызды күн»

Мадияр Алтынбековтің «Жұлдызды күні»

Айнур

Казахстанское кино

25 Апреля, 2016

«Петля 2» фильмінің жалғасы бола ма?

2003 жылдың қазан айында Мирас Төлеухановтың «Петля» атты криминалдық драмасы прокатқа шыққан болатын. Араға 3 жыл салып Мирас атышулы фильмнің жалғасын түсіру үшін инвесторлар іздестіруде.

Айнур

Смотреть онлайн

Старик

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер

  • Фейсбук
  • Инстаграм
  • Вконтакте
  • Твиттер
Бродвей

«Бродвей» кинопорталы - қазақстандық кино қайраткерлерді және олардың шығармашылығын насихаттайтын, киносүйер қауымды біріктіретін Казнеттің бірегей жобасы

  • info@brod.kz (барлық сауалдар бойынша)
Ракетті фирма

© 2012–2026 Бродвей

  • Жарнама