È

VIII BAIQONYR КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

VIII BAIQONYR КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

VIII «Байқоңыр» кинофестивалінің Халықаралық байқауының қазылар алқасының құрамына бес адам кірді.

Қазылар алқасының төрағасы:

Ерлан Нұрмұхамбетов - кинорежиссер, сценарист, Қазақ ұлттық өнер университетінің (ҚазҰӨУ) педагогы. «Жаңғақ тал», «Уақыт жолдары», «Асу арманы» фильмдерінің режиссері. Оның «Найзағай алдында» картинасы VII «Еуразия» ХКФ-нің (2011) Гран-приін жеңіп алды, ал «Аңшы бала» Голливудтағы International Family Film Festival-да «Үздік шетелдік драма» деп танылды (2012). Сонымен бірге «Қаныш. Қазына» телехикаясы үшін «Наурыз» бірінші ұлттық байқауының жеңімпазы атанды.

Қазылар алқасының мүшелері:

Молдияр Еркебеков - кинотанушы, өнертану ғылымдарының докторы, А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті қауымдастырылған профессоры.

Александра Поршнева - кинотанушы, Қазақстан киносыншылар қауымдастығының және Ұлттық кинематографиялық өнер және ғылым академиясының жастар секциясының мүшесі, ФИПРЕССИ мүшесі.

Әлішер Жадигеров - режиссер, сценарист. Оның «Отау» фильмі «2020-21 жылдардағы үздік дебют» номинациясы бойынша Қазақстанның киносыншылар қауымдастығының жүлдесін жеңіп алды, ал «Карантин» картинасы 2020 жылы Baiqonyr кинофестивалінде «Үздік деректі фильм» деп танылды. 2022 жылы «Қаңтар» фильмі авторға бірден екі кинофестивальде: Baiqonyr және Варшавадағы «Алтын Коперник» сыйлығын алды.

Жанель Сергазина - актриса. «ЖЖЖ Корпоратив», «Телепорт-2», «Арманға 20 қадам», «Туча», «Орбұлақ шайқасы», «Сержан братан» фильмдері мен сериалдарында ойнады. Ким Ки Дуктың «Құдайдың қоңырауы» атты соңғы жұмысында басты рөлді сомдап шықты. Ұлыбританиядағы London X4 – Seasonal Short Film Festival фестивалінде «Батыр» фильмі үшін «Үздік әйел рөлі» сыйлығын жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетсек, VIII BAIQONYR кинофестивалі 2023 жылдың 6-10 қыркүйек аралығында Алматыда "Арман" киноорталығында өтеді. Фестиваль дәстүрлі түрде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өтеді.

Фестиваль жаңалықтарын baiqonyr.kz сайтынан және біздің Instagram және Facebook парақшаларымыздан baiqonyrfilmfestival қараңыз.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер