Отандық киножұлдыздардың 2018 жылғы 5 мақсаты
Жаңа жыл басталды, жоспар құратын уақыт келді. «Бродвей» кинопорталы отандық киножұлдыздардан 2018 жылғы мақсаттары туралы сұрауды жөн санады. Актерлар мен продюсерлердің мақсаттар тізімінде қазақ тілін үйрену, қызықты рөлдер мен киножобалар және жаңа романтикалық қарым-қатынастар кездеседі.
Актриса Бибігүл Ақтан (Сүйіншалина) продюсерлік салаға бет тұруды ойлап жүр. Оның алға қойған мақсаттары мынадай:
Фото: Ильяхат Су-Джин-Ю Стилист: Айжан Бегасыл
1. Қазақ тілін үйренуді бастау;
2. Дене бітімін қалыпты ұстау үшін спорт залдарына жиі барып тұру:
3. Телевизиялық жоба бастап, продюсерлеу;
4. Жазда Алматы облысындағы бірнеше шыңдарды (Ара, Турист, Кеңес шыңдарын) бағындыру;
5. Жақсы бір толықметражды фильмге түсу.
Ерден Телемісов - актер, каскадер:
1. Өзін режиссер ретінде сынап көру, себебі «генерал болуды армандамаған солдат, солдат емес» екенін барлығы жақсы біледі;
2. Актерлік шеберлігін Батыста, Еуропа мен АҚШ-та көрсету;
3. Youtube-арнасын дамыту;
Актриса Дина Тасболатова биыл фламенко биін үйренуді жоспарлан жүр. Сонымен қатар, оның мақсаттар тізімінде мыналар да бар:
Фото: Виктор Харченко
1. Жапонияға бару;
2. Француз тілін үйренуді қайта қолға алу;
3. Фламенко биін меңгеру;
4. Жеке сценарий жазу;
5. Сонымен қатар, жаңа актерлік тәжірибе жинау.
Ал продюсер әрі актер Арман Асенов жеке армандарымен ғана шектеліп қалмады. Оның мақсатына «Кинематография туралы заң» кірген:
1. «Қазақ хандығының» екінші маусымын аяқтап, картинаны барлық әлемдік телеарналар мен ғаламтор-алаңқайларына сату. Ұлы дала хикаясымен бүкіл әлемнің таныс болғанын қалайды.
2. Кейкі батыр мен Кенесары хан туралы фильм түсіру;
3. Шыңғыс ханның анасы жайлы «Ана» кинотаспасын түсіру;
4. «Қазақфильмнің» еркін-экономикалық аумағы және кино туралы заңын» ілгерілету;
5. «Заң» қабылданған соң, отандық киноөндіріс жүйесін қалыпқа келтіру;
Театр және кино актері Шыңғыс Қапиннің алдына қойған басты мақсаты – махаббатын жолықтыру, сонымен қатар:
Фото: Таисия Шайдарова
1. Халықаралық киножобадан қызықты рөл иелену;
2. Режиссер ретінде бір хикая мен қысқаметражды фильм түсіру;
3. Мюзикл әртісі болу;
4. Денесін қалыпта ұстау үшін бір жыл бойы үздіксіз жаттығу;
5. Махаббатын кездестіру!
Актер Шәріп Серіктің жоспары:
1. Үй құрылысын аяқтау;
2. Отандық өндірістің бірнеше фильмдеріне түсу;
3. Өзін-өзі дамыту;
4. Жаңа мүмкіндіктер;
5. Өзін жаңа бағытта сынап көру.
Редакция барлық арман-мақсаттардың орындалуын қалайды. Тура бір жылдан соң, «Бродвей» осы мақсаттар тізіміне оралып, 2018 жылдың қорытындысын шығаратын болады.
Превью: Ильяхат Су-Джин-Ю
1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
23 апреля 2018, 01:57Думаю Арман Асенов снять фильм о матери Чингизхана, это подвиг. Но не патриотизм. Снять фильм о Казахском ханстве это любовь к нам всем. Это десоснас, кто к нам даст закон о продвижении фильма в любом формате, особенно если это будет открытая правда. Я думаю, будут ограничения.