Айжан Байзақова ашық-шашық бейнебаянға түсті
Қазақстанның ең сексуалды аруы беделіне ие болған Айжан Байзақова ашық-шашық бейнебаянға түсті. Бойжеткен Alem Band тобының «Qylyqtym» туындысына түсірілген бейнебаянда дене бітімін айқындап тұратын ашық киіммен пайда болды.
Айжан Байзақова Alem Band жұмыстарына алғаш рет түсіп отырған жоқ. Биылғы жылдың қаңтар айында бойз-бэнд «Қалауым» әніне бейнебаян түсірген болатын, ол жақта актриса жігіттер ғашық болған қыздың рөлін сомдаған еді.
Сондай-ақ, бұрын актриса рэп орындаушы Tanir-мен де дуэт орындаған.
Еске салсақ, Байзақованың актерлік мансабы «Жаным» хикаясынан бастау алған. Алдағы күзде экранға «Адуынды әйелдің күнделігі» комедиясы жарыққа шығады, сол туындыда бойжеткен негізгі рөлдердің бірін сомдайды.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін