È

Альмира Тұрсын «Томирис» түсіріліміндегі қиындықтар туралы айтып берді

Альмира Тұрсын «Томирис» түсіріліміндегі қиындықтар туралы айтып берді

Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи фильмінде сақ патшайымының рөлін сомдаған Альмира Тұрсын «The Эфир» бағдарламасында қонақта болып, картина түсіріліміндегі қиындықтар мен режиссермен жұмысы жайлы айтып берді.

«Бізде табиғатқа, мәтінге қатысты түрлі қиындықтар болды. Көпшілігі Томиристі қазақша немесе орысша сөйлейді деп ойлайды, бірақ негізі фильм толығымен көне түркі тілінде түсірілген. Маған мәтінді жаттау қиынға соқты, яғни тіл басқаларына мүлдем ұқсамайды. Сонымен қатар, костюмдеріміз табиғи әрі ауыр болды, солармен далада, ыстықта, аттың үстінде жүрдік», - деді Альмира Тұрсын.

Ақан Сатаевтың жеке Instagram парақшасынан
Ақан Сатаевтың жеке Instagram парақшасынан

Актрисаның айтуынша, Ақан Сатаевпен жұмыс істеу оңай болды, өйткені екеуінің кейбір сәттердегі көзқарастары бірдей болып шыққан.

«Оның ылғи сұрақтарды, ұсыныстарды, идеяларды тыңдап жүретініне ерекше таң қалдым. Үнемі көңіл-күйіміздің қандай екенін, өзімізді қалай сезінетімізді сұрап тұрады», - деп қоса кетті Альмира.

Айта кетсек, Альмира бұрын киноға түсіп көрмеген және әйелдердің коуч-психологы болып жұмыс істейді. Сұхбат барысында болашақта тағы да қызықты рөл ұсынып жатса, ол бірде келісетінін де айта кетті.

 

Превью: «Томирис» фильмінің түсірілімі

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер