Дина Тасболатова мен Олжас Әлжанов Bella Ciao кавер әнінің бейнебаянына түсті
Желіде Bella Ciao танымал итальян халық әнінің кавер-нұсқасына түсірілген ерекше бейнебаян пайда болды. Ролик - Kinopark Theatres және Sicillian Restobar Coppola-ның музыкалық жобасы.
Bella Ciao («Қош бол, сұлуым») – Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі итальян партизандарының әнұранына айналған халық әні. Оның пайда болу тарихы жөнінде әлі де дау туындап жатады, кейбіреулері әнді соғысқа дейін шыққан және оны күріш алқабында жұмыс істеген жұмысшылар орындады десе, енді бірі мұны XVI ғасырдағы өңделген француз балладасы дейді. Ал жауапты энтузиастар шығарманы романтикалық бағытта жасап, махаббат хикаясын баяндауды ұйғарды.
Бейнебаян түсірілімі шілденің басында Алматыда өтті. Бейнежазба режиссері - Марат Своик. Ғашықтар жұбын Олжас Әлжанов («Арнайы өкілдер») және Дина Тасболатова («Саташ») сомдады. Сондай-ақ, роликке Гуля Юскаева, Мария Петлюх, Намиг Муссаев, Ерлан Бұхарбаев, Қуаныш Әлекбаев, Асқар Әлекбаев, Оксана Дурмушева және т.б. түсті.
Музыкалық бейнебаян түсіріліміне қоюшы-оператор Қанатжан Мырзағалиев, музыкалық продюсер Асқар Шәфи және дыбыс жазу студиясы Universal Asia Records атсалысты.
Музыкалық бейнебаянды мына жерден тамашалап, бағалауға болады: ► https://www.youtube.com/watch?v=WM5sdOTHM2o
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін