È

Гүлназ Жоланова: «Мен ғашықпын және алдағы үш жылдың ішінде тұрмысқа шығуды жоспарлап жүрмін»

Гүлназ Жоланова: «Мен ғашықпын және алдағы үш жылдың ішінде тұрмысқа шығуды жоспарлап жүрмін»

Қазақ киносының жарқын жұлдызы, жақсы адам әрі сұлу бойжеткен Гүлназ Жоланова «L'Officiel» журналына берген сұхбатында жеке өмірі туралы сыр шертті.

Гүлназ сүйіктісінің барын, бірақ әзірге тұрмысқа шығуға асықпайтынын білдірді.

«Биыл мен 24 жасқа толамын, әрине, екінші жартымды жолықтырып, отбасын құрғым келеді. Дегенмен, қазір ғашық екенімді әрі алдағы үш жылдың ішінде тұрмысқа шығуды жоспарлап жүргенімді ғана айта аламын»,-деп бөлісті актриса.

Жоланова үлкен кинодағы мансабын жалғастырып жатқанын айта кетті. Оның айтуынша, әлі де ойнағысы келетін рөлдер мен образдар бар көрінеді.

Суреттер: lofficiel.kz

«Фильмографиямда трагедиялық қиын рөлдер болмапты. Екі жағымсыз образды және көрерменге үйреншікті болып қалған кейіпкерлерді сомдадым. Отандық кинодағы қазақ қызы образдарының көпшілігі маған жақын болып келеді. Менде шынайылыққа қайта бейімделетіндей психологиялық аурумен ауыратын кейіпкер рөлі болған емес. Дегенмен, ауыр образдың рөлін сомдап көргім келеді. Бұл сұраққа қатысты өзіме қандай да бір шектеу қойғым келмейді. Төмен әйелдің рөлін де ойнамаймын деп кесіп айту қиын. Актер кейіпкерлер образына қатысты шектелмеу қажет. Әр рөл өзінше қызық, әр образ – өз-өзіңмен күресу. Сонымен қатар, мен өмірбаянға құрылған фильмде ойнағым келеді. Кейіпкердің бүкіл өмірін тұла бойыңнан өткізе отырып, оның жас кезін, ересек пен қарттық шағын сомдау өте қызықты»,-деп бөлісті сұхбатында Гүлназ Жоланова.

Қазіргі таңда отандасымыз «Қазақша кәсіп» комедиясының сиквелі – «Қазақша кәсіп Америкада» фильмінің түсіріліміне дайындалып жүр.

 

Превью: lofficiel.kz

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

30 шілде 2017, 22:41

Гүлнәз Жоланова права. И думаю, он еще не полностью раскрыла свой талант. Она упорно трудиться и делает успех. Есть моменты где она бы сыграла роль и получше и по серьезнее. Она очень великолепно вливается в образы, всю душу вкладывает. Я думаю ей стоит дать роль героини в фильме Томирис. Она достойна этого. И думаю вы прекрасно понимаете так как по историческим сведениям, Саки жили именно в Актау, место территория столица был именно Саков массагетов здесь. Ну думаю в течение 2 лет Гүлнәз сыгарет и в Голливуде. Затем после этого она выйдет замуж за меня. Я вам это обещаю. Она необычный человек, уж поверьте мне и моим словам.

meruert

30 шілде 2017, 23:57

Гүлназ Жоланованың жпк

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер