Әдетте, ережеге сәйкес киношедеврлердің тұсауы Канн фестивалінде кесіліп, кейін көпшілікке жол тартады. Ал Педро Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы қалыптасқан ережені бұзды. Бұған дейін картина Испанияда прокатқа шығып үлгерген. Оқиға әйелдердің нәзік әлемін баяндайды. Сюжет бойынша бас кейіпкер өзінің қызын іздестіре жүріп, өзінің бүкіл өткен өмірін еске алады. Негізгі кейіпкерлдерді екі актриса: жас кезін Адриана Угарте, егде тартқан шағын Инма Куэста ойнады. Картина флэщбек кадрларының жиынтығы, мұңды музыка мен жүрек тебірентер сәттерден тұрады.