Мөлдір Әуелбекова күйеуімен ажырасқанын айтты
Әнші әрі актриса Мөлдір Әуелбекова («Ғашық жүрек») ұзақ уақыт бойы жеке өмірін жасырын ұстап келген. Жақында әртіс «Ревю» бағдарламасына ашық сұхбат беріп, ажырасып кеткенін және ұлын жалғыз тәрбиелеп отырғанын мәлімдеді.
Әнші мен бұрынғы күйеуі Арыстанның үйлену тойы 2015 жылы өткен болатын. 2016 жылдың қарашасында Мөлдір тұңғышын дүниеге әкелді. Алайда, бір жарым жылдан соң, жас жұп ажырасып кетеді.
Әртістің айтуынша, әкесі ұлының өміріне қызығушылық танытпайды екен.
«Ешкім баламмен кездесіп, іздемейді де. Мен не істей аламын? Демек, тағдыр солай. Барлығына көнемін. Қазір ұлым үшін ғана өмір сүріп жүрмін», - деп түсіндірді Мөлдір.
Бұл жаңалықты әнші болашақта ұлының психикасына әсер етпесін деген мақсатпен жасырып келген. Сондай-ақ, өзі де ажырасудан кейін күйзеліске түсіп кеткен. Бірақ, қазір Мөлдірдің айтуынша, алаңдауға еш себеп жоқ. Оның жанында көмектесетін ата-анасы, ағалары мен жақын достары бар.
Превью: Мөлдір Әуелбекованың Instagram-дағы жеке парақшасынан
1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
13 қараша 2018, 00:28Изначально было понятно, что она расстанется.