Санжар Мәди - ARGYMAQ қазақ брендінің амбассадоры
Санжар Мәди ARGYMAQ отандық брендінің амбассадоры атанды. Киімдер топтамасы дәстүрлі және заманауи стильдердің қосындысы болып табылады. Актер аталмыш сауда белгісінің бірінші бейнесі болуға неліктен келісім бергенін және амбассадор міндеті туралы «Бродвей» кинопорталына айтып берді.
«Біріншіден, ARGYMAQ – отандық суретшілер мен дизайнерлердің көмегімен өндірісі Италияда өңделген люкс дәрежелі киімдерден құралған қазақстандық бренд. Екіншіден, аксессуарлар желісінің бірінде тенгри мәдениетінің белгілері анық байқалады. Мен соған қызықтым. Амбассадор - тұтынушыларға белгілі бір сауда белгісі туралы ақпаратты сөздері мен ісі арқылы жеткізетін адам. Басқа сөзбен айтқанда, ол компанияның танымалдылығына әсерін тигізетін «жақсы досы» болып келеді»,-деп түсіндірді Санжар Мәди.
Суреттер Санжар Мәдидің жеке Instagram парақшасынан алынды. Фотограф: Руслан Тағаев
Отандық брендінің өкілі қызметінен бөлек, актер Ақан Сатаевтың «Кәсіпкерлер» фильмінің түсіріліміне дайындалу үстінде. Сонымен қатар, ол «ТНТ» ресейлік арнасымен және шетелдік компаниялармен бірге қызықты жобаларға түсетінін айтып қалды.
Естеріңізге сала кетсек, актер бірнеше ресейлік картиналарға қатысқан болатын. Атап айтқанда, «Қорғаушылар» фантастикалық киносына, «Алтын орда» хикаясына және «Саз шұңқыр» драмасына түскен.
Превью: Руслан Тағаев
1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
5 тамыз 2017, 02:10Санжар умеет быть в центре внимания.