È

Серікбол Өтепбергенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері жайлы хикая түсірді

Серікбол Өтепбергенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері жайлы хикая түсірді

Детективті жанрдағы отандық картиналардың тізімі толығып келеді. Желтоқсанда телеэкранға «Бюро» атты көпбөлімді жаңа фильм жарыққа шығады, картина Ұлттық бюроның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері жайлы баяндайды.

Сюжетте Мақсат Сапарғалиев туралы баяндалады, ол ІІМ қызметінен аға лейтенант ретінде жедел қызмет бөліміне ауысады. Ол жаңа әріптестерімен бірге зұлымдықпен күреседі. Бірақ, тартымды капитан қыз ол үшін нағыз сынаққа айналды.

Көпбөлімді таспаның режиссері Серікбол Өтепбергенов болды, ол бұрын «Алтыншы бекет» фильмін түсірген болатын. Идея авторы әрі бас продюсері – Ерлан Қасымжанұлы.

Атқарушы продюсер Саида Омарованың айтуынша, хикаяның сценарийі 3 рет өзгертілген екен.

«Жоба өмірлерін әділдік үшін күресуге арнайтын жастар туралы хикаясымен қызық. Олар батыл, мықты, мінезді жандар. Оларды одан сайын бүлікші ретінде көрсетуге боалтын еді, бірақ заманауи қазақстандық телевидениедегі цензура мұны қаламайды, жақында осы идеяны жүзеге асырамыз деп ойлаймын», - деп қоса кетті ол.

Қатыгез аға лейтенант рөлі Дастен Шәкіровке бұйырды. Оның бастығын Айнұр Нұрсейітова сомдады. Сондай-ақ, жобаға Шағуан Үмбетқалиев, Жалғас Толғанбай түсті.

Хикаямен екінші режиссер Ольга Шуппо, қоюшы-оператор Қанат Рымтаев айналысты. «Бюро» сценарийін жүргізуші Нұржан Еркінұлы жазды.

Жоба Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникация министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілді.

«Бюро» көпбөлімді фильмі биылғы желтоқсанда «НТК» телеарнасынан көрсетіледі.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер