È

Ticketon Live & Brod.kz: №29 шығарылым

Ticketon Live & Brod.kz: Мен аспанға ұшсам ғой

Тізіміміздегі алғашқы фильм қоюшы-режиссер Даг Лайманның туындысы, ол өзін қызықты ойнамалы киноның авторы ретінде дәлелдеп үлгерді. Тіпті, 2002 жылы «Идентификация» фильмін түсіріп, Джейсон Борнды сыйлады, сонымен қатар экран арқылы «Смит мырза мен ханым» фильмінен жас ғашықтар Брэд Питт пен Анджелина Джолиді көрсетті. Ал 2014 жылы «Болашақтың шегі» сай-фай must-see киноманы ретінде танылды, аталмыш туынды қысқа ғана уақыттың ішінде сыншылар арасында фантастикалық атыс-шабыс фильмінің алдыңғы қатарлысы болды.

Міне, жақында экранға оның шынайы оқиғалар негізінде түсірілген «Америкада жасалған» атты өмірбаянға құрылған фильмі шығады. Картина Барри Силдің өмір тарихын баяндайды. Ол АҚШ-тың Боинг 747-нің ең жас ұшқышы болған, бірнеше жылдан соң штаттағы ең бай адамдардың біріне айналған. Оның өмір сүру бағыты кәсібі секілді тәуекелге толы болды. Барри барлық нәрседен ақша жасай білетін. Әркеттерінің арасында есірткі саудасы, қару-жарақ пен адамдарды, әсіресе заңсыз эмигранттарды тасымалдау секілді жағдайлар болды. Өмірінде ОТБ-да (ЦРУ), АҚШ билігінде және Пабло Эскобарда жұмыс істеп үлгерген. Соншалықты қомақты қаржыны жиі тапқандықтан, оларды бақшада, шатырда жасырып жүрген. Жігерлі әрі мәңгі жас болып көрінетін Том Круз өз рөлін керемет сомдап шыққан.

«Америкада жасалған» фильмінен көрініс

Келесі фильм де шынайы оқиғаларға негізделген, ол жақта батырлық әрекеттер көрініс тапқан. Кейіпкерлеріміз аспанға емес, ғарышқа ұшады, ақшаға емес, қауіпсіздікке ұмтылады, өз өмірлерінен гөрі ел намысын қорғауға асығады.

«Салют-7» атты ресейлік тұсаукесерлі картина ержүректілік пен батырлық сезімдерін туындату үшін түсірілгендей. 1985 жылы метеорит құлаған ғарыш станциясы белгі беруді тоқтатады. Американдықтар әдеттегідей, жанындағының барлығын жайпап салатын орбитадағы ядролық қарумен қорқытады. Өздері «Салютке» арнайы экспедицияны дайындайды. Мәскеудің станцияны америкалықтарға сыйламайтыны түсінікті. Осы кезде жарыс басталады, барлығы бірінші болып жетуге талпынады. Ғарыш экипажы өлі станцияны бірінші тауып, 20 тонна үйіндісі бар басқарусыз қалған темірді алғашқы болып түйістіру қажет. Ғарышкерлер Жерге оралу мүмкіндігінің аз екенін түсінеді. «Салют-7» фильмі - айтып тауыса алмайтын жұмбақ ерлік туралы. Енді, кеш болса да көрерменнің батырлар туралы біле алатыны қандай жақсы.

«Салют-7» фильмінен көрініс

Өткен аптадағы кассалық жинақтың нәтижесі бойынша айналымда «Жүзбен жүгіруші 2049» фильмі алда келеді, оның жинағы 95 526 900 теңгені құраған. Одан кейін 42 806 450 теңге жинаған «Өмір алда» комедиясы тұр. Үшінші орынға 29 010 700 теңге көлеміндегі жинағымен «Жалданушы» атыс-шабыс фильмі жайғасты.

«Тикетонның» апта сайынғы байқауына қатысу үшін төмендегі бейнежазбамен әлеуметтік желі арқылы #ТикетонLive78 хэштегін көрсете отырып, бөлісу қажет екендігін естеріңізге саламыз.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

BrodLive

26 Апреля, 2016

«Қазақстандық тұсаукесер». №5 Шығарылым: «Қаратас ауылындағы оба» фильмінің көрсетілімі

Бүгін Олег Борецкидің киноклубында «Партизандық кино» қозғалысының аясында түсірілген режиссер Әділхан Ержановтың «Қаратас ауылындағы оба» атты фильмінің алғашқы көрсетілімі болды.

Айнур

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер