È

Ticketon Live & Brod.kz: №31 шығарылым

Ticketon Live & Brod.kz: Ессіз құштарлық

Шолуымыздағы алғашқы картина - «Ара 8». Джоа Крамерден кейін бұл хикая ақталғандай болып еді, бірақ Голливуд оңайлықпен берілмейді ғой. Сонымен, «Араның» сегізінші бөлімінде нағыз жауыздың бейнесіне ұқсағысы келетін еліктегіш зұлым пайда болады. Фильм сюжеті қарапайым. Кейіпкер адамдарды аулап, біртүрлі әрекеттерге итермелейді, айқай-шу, көз жастары, қан – жалпы, әдеттегідей көрініс қой.

«Ара 8» картинасының режиссерлері - Майкл мен Питер Спириг. Басты рөлдерді Мэтт Пассмор, Каллум Кит Ренни, Кле Беннетт, Тобин Белл, Ханна Андерсон сомдады.

Екінші фильм – атышулы «Матильда» атты ресейлік таспа. Картина сюжеті II Николай мен сұлу балерина Матильда аясында өрбиді, екеуінің махаббаты Ресей империясының және биліктегі азаматтардың беделіне нұқсан келтіреді. Фильм авторлары түсірілімге арнайы бес мың киім тіктірген, барлығына 17 тонна мата жұмсалған.

«Матильда» фильмінен көрініс
«Матильда» фильмінен көрініс

Таспа режиссері - Алексей Учитель. Басты рөлдер Михалина Ольшанская, Ларс Айдингер, Данила Козловский, Луиза Вольфрам және Ингеборга Дапкунайтеге бұйырды.

Кассалық жинақ нәтижесі бойынша, өткен аптадағы айналымда «Соңғы жауынгер» фильмі үздік атанды. Екінші орынды «Голем» детективі, ал үшіншісін «Арамызда таулар бар» таспасы иеленді.

Құрметті оқырмандар, «Тикетон» компаниясының байқауы туралы ұмытпаңыздар. Төмендегі бейнежазбамен әлеуметтік желі арқылы #ТикетонLive80 хэштегін қоя отырып, бөлісіп, киноға 2 билет ұтып алыңыздар.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

BrodLive

26 Апреля, 2016

«Қазақстандық тұсаукесер». №5 Шығарылым: «Қаратас ауылындағы оба» фильмінің көрсетілімі

Бүгін Олег Борецкидің киноклубында «Партизандық кино» қозғалысының аясында түсірілген режиссер Әділхан Ержановтың «Қаратас ауылындағы оба» атты фильмінің алғашқы көрсетілімі болды.

Айнур

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер