Бүркіт қызды болды
Танымал әнші әрі жас режиссер Бүркіт (Айбек Жансейітов) үшінші рет әке атанды. Жақында жары Аиша дүниеге қыз әкелді. Бүркіт қуанышты жаңалықты жанкүйерлерімен Инстаграм арқылы бөлісті.
«Бүгін мен қызды болдым! Жаным, ұлдарым мен қызым үшін рахмет! Мен сен қатты жақсы көремін!», - деп хабарлады әнші.
Жұлдызды жұп көптен күткен қызына әлі есім таңдаған жоқ.
Еске сала кетсек, Бүркіт пен Аиша 2010 жылы үйленген болатын. 2013 жылы олардың тұңғышы Зейін, одан кейін 2016 жылы тағы бір ұлдары – Омар дүниеге келді.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін