È

«Апан»: Бүркіт Бурабайда

Айбек Жансейітовтың «Апан» фильмі туралы пікір

Өткен аптада жарыққа шыққан «Апан» фильмі жарнама материалдарында үнемі «әнші Бүркіттің дебюті» деп жазылған еді. Бірақ, осы әдіспен кімдерді кинотеатрға баруға итермелегені түсініксіз, дегенмен атыс-шабыс фильмі ме, триллер ме, әйтеуір бір туынды экранға шықты және сол туралы сөз қозғауға міндеттіміз.

Фильмдегі негізгі оқиға Бурабайдағы қала сыртында орналасқан үйде болады, ол жаққа 7 адамнан құралған (үш жұп және бір бала) жастар тобы демалуға келген еді. Кәуап-пати (кейін оған тағы да бір қыз қосылды) түнгі сұмдыққа айналады, себебі зәулім үйге түрмеден қашып шыққан екі бұзақы «үй иесі гауһар тасты үйінде тығып отыр» деген оймен басып кіреді.

Жалпы, «Апанның» идеясы жаман болмас еді, егер ол 60-жылдары американдық грайндхаустар түрлі маргиналды қауымға арнағандай, түнгі көрсетілімге арнайы түсірілген болса... Бұл жақта кинематограф тарихын аздап болса да, білу қажет.

Негізі, грайндхаустар (гонконг атыс-шабыс фильмдерінен бөлек) бейберекет пайдаланылатын азбюджетті киноны түсіретін болған, олар зорлық-зомбылық, эротика мен порнография және телеэкрандардан көре алмайтын басқа да қызықтар арқылы көрерменді тартатын. Мұндай фильмдер фан-негізге байып, танымал болатын.

Басты мәселе мынада болып тұр: Жансейітов мырза киноны грайндхаус пен direct-to-video үшін де түсірген жоқ. «Апан» кең айналымға шықты... кім үшін екені түсініксіз. Себебі, картина жарияланған бірде бір жанрға сай келмейді.

Триллер дейін десең, қорқынышты сәттер өте аз. Нақты айтқанда, жоқ. «Апандағы» антагонистер нашар ресейлік хикаялардағы дауыстары қарлыңқы шығатын қылмыскерлерді ұстаушыларға пародия жасағандай әсер қалдырды.

Фильмнің басты кейіпкері бір сағат бойы көрінген жоқ, ал мына жақта барлығы көңіл көтеріп, мағынасыз әңгіме айтып отырады да, кенеттен қолдары баулаулы күйде жерде жатады. Кейін, Бүркіт мырза басты кейіпкердің болуы маңызды екенін еске түсірген шығар, фильм жалғызбасты рейнджер туралы атыс-шабысқа ұласады, бірақ дене бітімі керемет болып тұрса да, актер Бауыржан Сатов Рэмбо рөліне ұқсай алмайды, өйткені сүйкімділігімен қатар, актерлік шеберлігі бәсеңдеу.

Бүркіт актерлік құрамды екі жағдай бойынша таңдаған сияқты. Жігіттерді спорттық дене бітімдеріне, ал қыздарды ерін мен бөксенің үлкендігіне, кірпіктің ұзындығына қарап алғандай... Барлығы рөлдерін ұшқалақ күйде, орташа сомдады, ал камера бірнеше рет қыздардың іш киімдеріне тоқталып кетеді.

«Апан» фильмінің сценарийі кейіпкерлерге аяушылық туғызбайды. Біреуінен басқа барлық тұтқындар фильмнің екінші бөлігінде мүлдем жоғалып кетеді. Мүмкін, қажет болмай қалған шығар. Жағымсыз кейіпкерлер өздерін біртүрлі ұстайды (жағымды кейіпкерлер де ақылды болып көрінген жоқ). Бұзақының біреуі гауһар тасты саудалауға келген сияқты еді, бірақ қызғаныштан емес, ақылсыздығынан тұтқындардың банк карталарын тартып алады да (негізі оларды полицейлер тобы іздеп жүрген), жақын маңдағы банкоматқа барады. Міне, «Апан» осындай «керемет» сюжетпен толықтырылған.

Бұл жағдайларға даңғырлаған музыканы қосып қойыңыз, әуен диалогтардан да қатты шығады, фильмнің басындағы кадр сыртындағы философиялық мәтіннің де кім үшін айтылғаны белгісіз. Барлығын қосқанда, биылғы мағынасыз кинодебютке (әрине, бір миллиардердің екі баласынан кейін) ие боласыз.

 

 

Киноға Кәрім Қадырбаев барды

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер