È

Әсел Сәдуақасова «Келін де адам баласы 2» фильмінің трейлерін таныстырды

Әсел Сәдуақасова «Келін де адам баласы 2» фильмінің трейлерін таныстырды

 

Келесі жыл «Келін де адам баласы» комедиясы жалғасының көрсетілімімен басталады. Бірінші бөлімнің де, сиквелдің де режиссері - Асқар Ұзабаев. Сондай-ақ, жобаға Әсел Сәдуақасова продюсерлік етті.

Ерлі-зайыптылар мысық пен ит секілді ырылдаса берсе не болады? Жаңа жыл қарсаңында Мақсат пен Айжанның өмірінде ғажайып болады, олар тәндерін ауыстырып алады, содан кейін қайтадан бір-бірін түсініп, құрметтеп, жақсы көруді үйрене бастайды.

Режиссердің қалауымен картинаның актерлік құрамы өзгертілген жоқ. Фильмге Әсел Сәдуақасова, Данияр Алшынов, Данагүл Темірсұлтанова, Әбунасыр Серіков, Әмина Малғаждар түсті.

Сонымен қатар, түсірілімге Дильназ Ахмадиева, Динара Рахымбаева, Роза Рымбаева қатысты.

Әбунасыр Серіковтің айтуынша, бірінші бөлімге қарағанда, фильмнің екінші бөлімінің сценарийі мен түсірілім алаңындағы атмосферасы жақсы шыққан.

«Ең қиыны жазғы уақытта қысқы ауанды құру болды. Өзіңіз ойлап қараңызшы, жазда қар жауып тұр. Алайда, түсірілім мен актерлік топтың барлық мүшелері – өз ісінің мамандары, Асқардың да басқа режиссерлармен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі бар», - деп бөлісті қоюшы-суретші Бекен Нарбай.

2019 жылдың 10 қаңтарынан бастап «Келін де адам баласы 2» фильмі өз көрермендерін ауқымды экраннан күтетін болады, ал әзірге назарларыңызға кинотаспаның трейлерін ұсынамыз.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

30 қараша 2018, 00:46

Умно. И тактильно. Думаю, это идя отличная. Только. Вот не будет ли он скучным.

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер