È

Асқар Ұзабаев: «Біз осымен «келіндер» тақырыбын мәңгілікке жаптық»

Асқар Ұзабаев: «Біз осымен «келіндер» тақырыбын мәңгілікке жаптық»

Отандық киноэкранға «Келинка тоже человек» комедиясы шықты. Фильм режиссер Асқар Ұзабаев пен продюсер Әсел Сәдуақасованың бірлескен жобасы.

«Келинка тоже человек» - өзім продюсер әрі басты рөлді орындаушы ретінде қатысқан үшінші жобам.Фильмнің идеясы өткен жылдың жазында келді, келін мен ене тақырыбын мен режиссер Асқар Ұзабаевқа ұсындым. Ол маған өзінде осыған ұқсас сценарий бар екенін, бірақ әзірге басқа жобалармен айналысып, уақыты болмай жүргенін айтты. Кейіннен оның сценарийін оқыған соң фильм түсіргім келіп кетті. Мен жайлап Асқарды көндірдім. Нәтижесінде бір шаңыраққа сыймай жүрген ене мен келін арасындағы қарым-қатынас жайлы фильмі түсіретініміз жайлы шешім қабылданды. Фильмнің бюджеті салыстырмалы түрде шағын. Біз жақсы киноны көп ақшасыз да түсіруге болатынын дәлелдегіміз келеді: ең бастысы жақсы сценарий және актерлердің сапалы ойыны», - дейді Әсел Сәдуақасова.

Айжан күйеуімен басқа да жас жұбайлар секілді ата-енесімен бірге тұрады. Біраз жылдар бойы ол енесінің түрпегіне шыдап келеді. Егер бір күтпеген жағдай болмағанда жас отбасы ажырасып тынар ма еді. Әсел Сәдуақасова енесі - Майраны, ал Данагүл Темірсұлтанова жас келін - Айжанды ойнайды.

«Отбаслық құндылық тақырыбы кинода әрқашан өзекті. Иә, біздің фильміміз ене мен келіннің арасындағы қарым-қатынасқа, нақтырақ айтқанда араларындағы келіспеушілікке арналды. Сатирарылқ кино шықты деуге де болады. Меніңше, біз осы фильммен «келіндер» тақырыбын мәңгілікке жаптық-ау деп ойлаймын. Өйткені қазақстандық киногда басқа да небір қызықты тақырыптарды ашуға болады», - дейді Асқар Ұзабаев.

Комедияда көрермендер белгілі актерлер Данияр Алшиновты, Әбунасыр Серіковты және Әмина Малғаждарды көре алады.

«Келинка тоже человек» фильмінің түсірілімі 2016 жылдың қарашасында басталды. Түсірілім барысы бір айға созылды.

Қазақстандық кинематографистердің жұмысына 23 ақпаннан бастап баға бере аласыздар.Өзіңізге ыңғацлы уақытты сіз афишадан таңдай аласыз.

 

Превью «Google» іздеу жүйесінен алынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер