È

«Асыл арна» «Үлкен үй» хикаясының үшінші маусымын түсіретін болды

«Асыл арна» «Үлкен үй» хикаясының үшінші маусымын түсіретін болды. Қазақстан киносы

«Асыл арна» телеарнасының басшылығы «Үлкен үй» хикаясының үшінші маусымын түсіруді ұйғарды. Ситкомның алғашқы екі маусымын көрермендер жақсы қабылдап, көрсетілімі арнаның жоғарғы рейтингісіне ие болды. Көпсериялы фильм идеясы телеарнаның бас директоры Мұхамеджан Тазабекке тиесілі.

Үшінші маусымның сценариімен Мұрат Есжан айналысуда, ал жалғасының түсіріліміне қайтадан қоюшы-режиссер Мақсат Оспанов, қоюшы-оператор Еркін Сәтенов және екінші режиссер Санат Омархан атсалысады. Жобаның атқарушы продюсері - Қадыржан Құлманов. «Асыл арна» арнасының бас продюсері Ерлан Әбдірұлының айтуынша, түсірілім жұмыстары биылғы жылдың тамыз айында басталады.

Отандық хикаядағы оқиға такси жүргізушісі Мырзаханның аясында өрбиді. Азамат отбасылық өмірін реттеуге талпынады, түрлі оқыс оқиғаларға тап болады. Авторлар хикаяның комедиялық жанрда түсірілгенімен, заманауи қоғамдағы өзекті тақырыптарды қозғайтынын атап өтті.

Алдыңғы маусымда кейіпкерлерді қайтадан Дәурен Жұмаділов, Жүсіп Ақшора, Майра Макұлбекова, Нұржан Төлендиев және Нартай Сүлейменов сомдайды.

«Үлкен үйдің» жаңа эпизодтары эфирге қазан айында шығады. Барлығы 10 бөлімнен тұратын болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист