È

Азамат Дулатов: ««5 күндік күйеу жігіт» фильмі – Нұртас Адамбаймен бірігіп жасаған алтыншы жобам»

Азамат Дулатов: ««5 күндік күйеу жігіт» фильмі – Нұртас Адамбаймен бірігіп жасаған алтыншы жобам»

Өткен айда «5 күндік күйеу жігіт» отандық комедиясының түсірілімі аяқталған болатын. Фильм кинооператор Азамат Дулатовтың және режиссер Нұртас Адамбайдың кезекті біріккен туындысы. Шығармашылық дуэт алғаш рет 2014 жылы «Сәбина келін» фильмінің түсірілімінде құрылған. Содан бері олар көрермен жүрегіне жол таба білген картиналарды түсіріп келеді. Азамат Адамбаймен бірге жасап жатқан жұмысы жөнінде және жаңа жоба туралы толығырақ «Бродвей» кинопорталына айтып берді.

««5 күндік күйеу жігіт» фильмі - Нұртас Адамбаймен бірігіп жасаған алтыншы жобам. Жабадан жобаға өткен сайын, өсіп жатқанымызды сеземін. Қазір жақсы деңгейге жетіп қалдық. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Нұртас екеуіміз бір-бірімізді айтқызбай-ақ түсінеміз, соған қуанамын. Біздің картинаға және драматургияға қатысты көзқарасымыз бірдей. «5 күндік күйеу жігіт» фильмінде көріністер қойылымдары мен әрлеуден көп тәжірибе жасадық. Тобымыз көрермен ешқашан көрмеген тың дүниені үнемі іздеп отырды. Комедия қызықты болып шыққан сияқты. Оның үстіне, актерлік құрам да мықты болды»,-деп түсіндірді Азамат Дулатов.

Қоюшы-оператор бұрын Ақан Сатаевтың «Бойжеткен» және Нұртас Адамбайдың «Жеделсаты» триллер-фильмдерін түсірген. Азамат бірге жұмыс істеуге ықылас танытқандардың саны көп екендігін жасырмады. Дегенмен, оператор екі нәрсеге: қаламақы мен тапсырыс берушінің беделіне қарап таңдау жасайды екен.

«Мен негізгі екі нәрсеге қараймын, олар – хикая мен түсірілім тобы. Кино түсіру – ұжымдық жұмыс. Түсірілім тобы – механизм секілді, бір бөлшек бұзылса, қалған жүйе де жұмыс істей алмайды. Сондықтан, бірігіп жұмыс істейтін адамдарды бағалай бастаймын. Егер фильмге ұжымдық рух салынбаса, картина сәтсіздікке ұшырайды»,-деп қоса кетті оператор.

«5 күндік күйеу жігіт» картинасы осы күзде жарыққа шықпақ. Көрермендер фильмнен тамаша қыз Гүлнар Сильбаеваны және дарынды жігіттер Нұртас Адамбайды, Санжар Мәдиді, Данияр Алшыновты көре алады.

Суреттерді Азамат Дулатов ұсынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер