È

Баян Алагөзова «Тағдыр бекеті» фильмінің трейлерін жариялады

Баян Алагөзова «Тағдыр бекеті» фильмінің трейлерін жариялады

Келесі жылы экраннан 1993 жылы жарыққа шыққан «Махаббат бекеті» фильмінің жалғасы, «Тағдыр бекеті» мелодрамасы көрсетіледі. Талғат Теменовтің табысын режиссер Ернар Нұрғалиев қайталауды ұйғарды.

Орал мен Гүлназдың махаббат хикаясынан кейін 25 жыл өтті. Ғашықтар бірге бола алмады, әрқайсысы өз жолымен кетті. Гүлназдың ұлы Ұлан дүниеге келді, ал Оралдың қызы бар, ол қызын бұрынғы ғашығының құрметіне атады. Өмір өз ағынымен өтіп жатты, бір күні Ұлан мен Гүлназ кездесіп, бір-біріне ғашық болып қалады. Олар ата-аналарының тағдырын қайталар ма екен?

Ұланның рөлін Асқар Ілиясов сомдады, ал Гүлназды Әйгерім Мақсұтова ойнады.

«Тағдыр бекеті» фильмінің түсірілімі
«Тағдыр бекеті» фильмінің түсірілімі

«Бұл фильм аз ғана бюджетпен, қысқа уақытта, бірақ үлкен сенім және ынтамен әсерлі хикаяны түсіруге болатынның дәлелі іспетті. Сценарий жазылып жатқан кезде, мен өзімді осы картинадан көрдім. Мен үшін өзекті тақырыптар – бойжеткенге деген қатынас, бойжеткеннің арасындағы қатынасқа деген қарым-қатынас, ата-аналарға, жалпы бұл өмірдегі өз орныңа деген қатынас. Маған бұл фильмдегі жеңілдік, екпін, бір драйв ұнайды», - деп жазды Асқар Ілиясов Инстаграм парақшасына.

Сонымен қатар, картинаға Баян Алагөзова түсті, ол жобаның бас продюсері болып келеді. Одан бөлек, көрермендер қайтадан Бөпеш Жандаев пен Кубанычбек Адыловтың сомдауындағы таныс кейіпкерлерді көре алады.

Желіге «Тағдыр бекетінің» трейлері шықты, ал фильмнің өзі 2019 жылдың 24 қаңтарынан бастап көрсетіледі.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер