«Айдағы адам»: Венециядағы 75-ші кинофестивальді ашатын фильм
Universal Pictures студиясынан режиссер Дэмьен Шазеллдің («Ла-Ла Ленд», «Кловерфилд, 10») ғарыш жарысы жайлы «Айдағы адам» өмірбаяндық драмасы Венециядағы 75-ші халықаралық кинофестивальді ашатын фильм болмақ. Бұл таспаның көрсетілімі 29 тамыз күні сәрсенбіде өтеді. 1969 жылғы Айға қонған «Аполлон-11» тапсырмасына қатысқан басты рөл астронавт Нил Армстронг рөлін Райан Гослинг («Жүзбен жүгіруші 2049», «Жақсы жігіттер») сомдады.
«Бұл жұмыс тек өмірбаяндық фильм ғана емес, Айға алғаш қонған адамдар жайлы, ерекше тапсырма туралы фильм болуы тиіс. Сол кезде бұл мүмкін еместей көрінген еді. Сол кезде болған жағдай қазір де кейде ақылға сыймайды. Дегенмен, біз қазір оны әдеттегі жағдай деп қабылдаймыз, бізх Нил Армстронгтың Айдың үстімен жүргенін білеміз. Хроникадағы барлық бейне көз алдымызға елестейді. Біз болған нәрсеге сеніммен қараймыз, дегенмен біздің мақсатымыз – уақытты кері қарай бұрып, көрермендерді ештеңе болмаған және ессіз сапарға шығуға дайын болған мықтылар тобы пайда болған кезеңге апару еді», - деді Шазелл өз жұмысы жайлы.
Ғарыш тарихы жайлы «Айдағы адам» драмасы 2018 жылдың 22 қарашасынан бастап айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін