È

«Ева»: Тейт Тейлор Мэттью Ньютон жұмыстан кеткен соң режиссерлік орынға ие болды

«Ева»: Тейт Тейлор Мэттью Ньютон жұмыстан кеткен соң режиссерлік орынға ие болды

Тейт ТейлорПойыздағы қыз», «Қызметші») Мэттью Ньютон жұмыстан босатылған соң «Ева» атыс-шабыс фильмінде режиссерлік орынға ие болды. Фильм продюсері әрі басты рөлді сомдаушы - Джессика ЧестейнҮлкен ойын», «Слоунның қауіпті ойыны»). Мэттью Ньютонға 2007 жылы әйелдерге зорлық көрсетуге қатысты айып тағылып, кейін қайталанған соң, ол түсірілім тобынан шығып қалды.

«Ева» жұмысының басталғаны туралы хабарланған соң, голливуд актрисаларымен, агенттермен, сценаристермен және режиссерлармен жұмыс орнындағы зорлыққа қарсы құрылған «Time's Up» қозғалысының белсенді мүшесі ретінде Честейнге бағытталған петиция жарияланды. Құжатта аустралиялық режиссер Мэттью Ньютон жобадан шығарылсын деген бір ғана талап болды.

Екі апта бұрын «Евадан» кеткен даулы қоюшы мынадай мәлімдеме жасады: «Кеше Джессика Честейн мен «Ева» фильмінің басқа да продюсерлеріне режиссер қызметінен кететінімді айттым. Түсірілімнің басталғаны туралы хабарланған соң, жауабы табылмаған маңызды сұрақтар туындады. Өткен өмірімде болған сәтсіздіктерден кейін, түсірілімге жетекшілік ету жауапкершілігін ала алмайтынымды түсіндім».

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер