È

«Анаға апарар жол» фильмі Гонконг пен Сингапурда көрсетілді

«Анаға апарар жол» фильмі Гонконг пен Сингапурда көрсетілді

Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі Гонконг пен Сингапурда көрсетілді. Драма Оңтүстік Азия аймағында көрсетілген алғашқы қазақстандық кинотаспа болды. Фильмді шетелдік көрерменге басты рөлдерді сомдаған Әділ Ахметов пен Аружан Жазылбекова таныстырды.

Көрсетілімді Астананың 20-жылдығына орай және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның Сингапурдағы елшілігі және Қазақстанның Гонконгтағы бас консулдығы ұйымдастырды. Шараға шетелдік дипломаттар, Гонконг әкімшілігінің өкілдері, мәдениет қайраткерлері мен БАҚ қатысты. Соңында қошемет пен мақтау сөздерден бөлек, қазақстандық таспаны аймақта сәтті түрде көрсеткені үшін түсірілім тобына арнайы сертификат табысталды.

«Анаға апарар жол» картинасындағы оқиға өткен жүзжылдықтың 30-жылдары болған. Басты кейіпкер тарихи оқиғалардың, өзгеріске толы кезеңдердің: күштеп ұжымдастырудың, аштық пен соғыстың және соғыстан кейінгі ауыр уақыттың куәсі болады. Кейіпкерді өмір үшін күресуге итермелейтін жалғыз нәрсе – өзін асыға күтіп отырған үй.

Еске салсақ, Ақан Сатаевтың фильмі шетелдік көрерменге бірнеше рет көрсетілген. Картина көптеген халықаралық кинофестивальдерге қатысып, Америка, Испания, Қырғызстан, Ресей мен Хорватия елдерінде арнайы жүлделерге ие болған.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер