È

«Бөлінбейтін» фильмі демалыс күндері 13 млн. теңге жинады

14-17 желтоқсан аралығындағы кассалық жинақ

Желтоқсанның үшінші демалысы қара әзілді жақсы көретіндерге «Бөлінбейтін» отандық фильмін сыйлады. Сондай-ақ, қазақстандықтардың қуанышына орай, «Жұлдыздар соғысы: Соңғы джедайлар» фантастикалық атыс-шабыс фильмі, «Виктория және Абдул» өмірбаяндық драмасы және «Түнгі адам» хорроры ұсынылды. Қандай фильмдердің билеттері көбірек сатылды? Киножаңалықтардың қайсысы жақсы жинаққа ие болды екен? Бұл туралы осы материалдар оқи аласыздар.

Өткен аптадағы Қазақстандағы кассалық жинақтың рейтингісінде «Жұлдыздар соғысы: Соңғы джедайлар» фильмі көш бастап тұр. Ғарыштық аңыздың жаңа бөлімі 85 982 742 теңге жинады. Бастапқы сценарийін Лоуренс Кэздан жазды. Алайда, Райан Джонсон режиссерлік орынға келіп, Лоуренстің нұсқасын пайдаланбай, сценарийді қайтадан жазады. Алғашқы түсірілім 2015 жылдың қыркүйегінде Ирландияда орналасқан Скеллиг-Майкл аралында өткен.

«Виктория және Абдул» британдық картинасы тұсаукесерлі демалыста 33 342 200 теңге жинады. Джуди Денч Виктория патшайымды бірінші рет сомдап отырған жоқ. 1997 жылғы «Аса мәртебелі Браун ханым» фильмінде Аса мәртебелінің рөлін сомдаған. 2016 жылдың қыркүйегінде фильм түсірілімі жаңадан басталған кезде, Джуди Денчтің жасы өлім аузында жатқан Виктория патшайымнан бір айға үлкен болатын. Актриса Майкл Гэмбонмен де алғаш рет жұмыс істеп отырған жоқ. Екеуі бұрын «Крэнфорд» (2007 – 2009 жж.) хикаясына түскен болатын.

Киномандарға мерекелік көңіл-күйді «Жаңа жылдық қарбалас» ресейлік комедиясы сыйлады. Картина қазақстандықтардың қалтасын 29 717 400 теңгеге жұқартты. Бұл - режиссер Кирилл Папакульдің екінші толықметражды жұмысы. Алғашқысы 2008 жылы жарыққа шыққан «Орыс детективі» комедиялық триллері болатын.

«Жұлдыздар соғысы: Соңғы джедайлар» фильмінен көрініс
«Жұлдыздар соғысы: Соңғы джедайлар» фильмінен көрініс

Үздіктердің қатарынан 4 орынға «Коко құпиясы» анимациясы түсіп қалды. Кинотаспа айналымның төртінші аптасында 23 509 221 теңге тапты. Фильмнің жалпы жинағы 211 556 587 теңгені құрайды. Мексика мәдениетін шынайы көрсету үшін режиссер Ли Анкрич түсірілімнің алдында продюсер Дарла Андерсонмен және қоюшы-суретші Харли Джессуппен бірге Мехикоға барып келген. Авторлар сол жақта кәдімгі өлілер фестиваліне қатысқан. Осылайша, Санта-Цецилия қалашығының негізіне шынайы Мексикан ауылдары арқау болған.

«Бөлінбейтін» қылмыстық оқиғасы алғашқы демалыста 12 984 090 теңге көлемінде пайда тапты. Фильм Олжас Ахметовтың дебютті жұмысы болып табылады. Оның айтуынша, картина идеясы 2016 жылы қыста пайда болған. Жас режиссер актерлардың ашық кастингін жүргізген жоқ: сценарий жазылып жатқанда-ақ фильмге кімдердің түсетіні белгілі еді. Жобаға ең алдымен Әзиз Бейшеналиев пен Ерден Телемісов шақырылды.

«Шетелдік» шытырман оқиғалы фильмі кассаны 10 930 600 теңгеге толтырды. Картина негізіне Стивен Лезердің «Қытайлық» романы арқау болған. Ал кітапты киноға бейімдеген Дэвид Маркони («Қатты жаңғақ 4.0»), жобаның продюсері - Уэйн Марк Годфри («Күнәлілер қаласы 2: Бұл әйел үшін барлығын өлтіруге болады»). Актер Пирс Броснан режиссер Мартин Кэмбеллдің фильміне екінші мәрте түсіп отыр. Екеуі алғаш рет 1995 жылы «Алтын көз» картинасымен жұмыс істеген.

«Сәтті өлім тілеймін» қорқынышты фильмінің жинағы 9 111 300 теңгені құрады. Алғашында қанішер шошқаның бетпердесін киюі тиіс болатын. Бірақ, режиссер Кристофер Лэндон мұндай жағдайдың «Ара» франшизасында болғанын еске түсіреді. Сондықтан, ол қанішер балақайдың бетпердесін ұсынады. Костюммен кино суретшісі Тони Гарднер айналысты, ол кезінде «Айғай» франшизасының әйгілі бетпердесін жасаған еді.

«Бөлінбейтін» фильмінен көрініс
«Бөлінбейтін» фильмінен көрініс

Жаңа жылға арналған тағы бір комедия - «Сәлем, әке, Жаңа жыл! 2» туындысы 7 465 700 теңге жинады. Сиквелді Шон Андерс түсірген, ол «Епсіз бастықтар», «Ақылсыздан да ақылсыз» және «Поппер мырзаның пингвиндері» сынды табысты картиналардың сценаристі болған. Мэл Гибсон картинада Уилл Феррелл кейіпкерінің әкесін сомдайды, дегенмен актер шынайы өмірде Уиллден 15 жасқа ғана үлкен.

«Түнгі адам» хорроры 6 227 800 теңге жинады. Фильм сюжетінің негізіне «Түнгі ойын» көне тілді салты арқау болған. Режиссер Трэвис Заривны идеяны жүзеге асыруға атсалысты. Картина оның төртінші толықметражды жұмысы болып табылады. «Құзғындар» (2013), «Лихорадка» (2016) және «Бөтен» (2016) секілді бұрынғы жұмыстары шектеулі айналымға шыққан.

Өткен демалыста аз жинаққа ие болғандар: «Эспен троллдар патшалығында» - 3 328 647 теңге (жалпы жинағы - 9 631 481 теңге), «Тұңғиыққа бату» - 2 838 100 теңге және «Жақ!» - 801 500 теңге.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

21 желтоқсан 2017, 22:43

Да жду с нетерпением, фильм Тергеушылер. Фильм прикольный сразу, после первых секундах понравился, и к тому же играет много актеров. И среди них Берик Айтжанов. Отлично подобрали.

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер