«Инстаграмшыл қыз» комедиясының түсірілімінен фоторепортаж

Келесі аптада «Аға ма әлде неке ме», «Қазақша кәсіп» фильмдерінің сценаристі ретінде танылған Арыстан Каунев режиссерлік еткен «Инстаграмшыл қыз» комедиясы айналымға шығады. Картинадағы басты рөл «Q-Елі» скетч-шоуы арқылы танылған Анар Батырханға бұйырды.
«Инстаграмшыл қыздағы» хикая әлеуметтік желіде танымал болып жүрген Айнұр есімді бойжеткеннің айналасында өрбиді. Оның миллион оқырманы бар парақшасы, сүйікті жігіті, құрбылары – жас қызға қажеттінің барлығы болды. Алайда, бір күні оның Инстаграмдағы парақшасын біреулер бұзып алады, бойжеткен барлығынан бір сәтте айырылады. Айнұр өз өмірін қайтара ала ма, жауабын кинодан білетін боласыздар.
Фильм продюсерлері - Дархан Тастанов, Қуат Садықов, Мақсат Мамраимов және Алидар Өтемұратов.
Сондай-ақ, комедиялық таспаға Қуат Садықов, Әбунасыр Серіков, Мақсат Мамраимов, Айым Сейтметова, Ұлбосын Шалқарова, Шәріп Серік, Төлепберген Байсақалов және Ерболат Төлегенов түсті.
«Инстаграмшыл қыз» кинокартинасы түсірілімінің қалай өткенін фоторепортаждан тамашалаңыздар. Фильмді бірінші болып көру үшін афишамызды қалт жібермей қарап жүріңіздер.
Фото: Әділ Бақытбек, Ренат Нугаев
.jpg)







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін