«Томирис» фильміне арналған кастинг аяқталуға жақын
«Томирис» тарихи фильмінің тобы бірнеше ай бойы басты және қосалқы рөлдерге аткерлар іздеген болатын. Кастинг бүкіл республика бойынша ағымдағы жылдың мамырынан бастап қыркүйек айына дейін жалғасты. Нәтижесінде, сақ патшайымы Томиристің рөліне отандық 20 актриса үміткер болуда, оның ішінде Әсел Сағатова, Қарлығаш Мұхамеджанова, Бибігүл Сүйіншалина және Аружан Жазылбекова да бар.
«Фильм кейіпкерлерін барлық жерден іздедік. Кастингке барлығы 10 мыңға жуық қазақстандықтар қатысты. Томирис рөліне тек Қазақстаннан ғана емес, Ресей актрисаларын да қарастырдық. Алайда, шетелдіктер өтпеді. Кастингтің барлық жұмысына екі айдай уақыт кетті. Біз назар аударатын басты мәселе – актерлік ойыннан бөлек, ішкі дүние мен физикалық дайындық. Әрине, біз жүзі ақ қыздарды іздеп жатырмыз. Ал шашты бояуға, көздің түсін линзаның көмегімен өзгертуге болады. Сондықтан, басты назарды ерекше дарындылық пен ішкі жігерге аударып жатырмыз. Қазіргі таңда 20 актриса таңдалды, олар ойнамалы сыннан өтіп жатыр»,-дейді кастинг-директор Жайна Әбдиева.
Кастингтің соңғы кезеңі 30 қыркүйек күні өтеді және қазан айының басында сақ патшайымының рөлін кімнің сомдайтыны белгілі болмақ.
Ал ер адамдардың рөліне Мұрат Бисенбин, Еркебұлан Дайыров және Азамат Сатыбалды сынды тәжірибелі актерлар сыналып жатыр.
«Томирис» тарихи фильмі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» мен Sataifilm компаниясының негізінде өндірілуде. Жобаның бас продюсері - Әлия Назарбаева. Режиссері - Ақан Сатаев.
Айта кету керек, қосалқы және эпизодтық рөлдерге арналған кастинг әлі де жалғасуда. Актерларды байқау «Қазақфильм» киностудиясында өтіп жатыр.
Фото: Евгения Берман
4 пікір
Пікір қалдыру үшін
Женис Кенжебеков
1 қазан 2017, 15:47Так как Томирис царица саков,то актриса должна быть из тех у кого сакские,скифские днк из наших актрис это Бибигуль Суюншалина, Камшат Жолдыбаева,Роза Мукатаева.
Рамазан
16 января 2018, 02:53Обращение к А.Сатаеву:Дайте главную роль Газизе Тлеубай!
Серик Есмуратов
26 наурыз 2018, 13:36На роль 10 летней Томирис я бы предложил Данелию Тулешову Она очень артистичная и обворожительная девочка, которая притягивает к себе внимание. Думаю она бы справилась бы с этой ролью. Подумайте над моим предложением.
Бота
3 апреля 2018, 17:52Актриса на роль Томирис должна быть с рыжими или светло-коричнев. волосами, брови должны выглядеть будто нахмурены, с грубоватыми чертами лица. Все таки Томирис это Царица-Воительница!!! Ну и конечно все это должно соответствовать внутреннему сильному стержню, харизме, и воительскому духу!