Қазақстандықтарға «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі таныстырылды
Астана мен Алматыда «Қазақ хандығы. Алмас Қылыш» фильмінің тұсаукесерлік көрсетілім өтті. Тарихи драма - «Қазақ елі» сералының толықметражды нұсқасы. Фильмді Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы бойынша «Қазақфильм» және Centaurus Rustem Abdrashev production киностудиялары түсірді.
Салтанатты шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, көрнекті мәдениет қайраткерлері, кинорежиссерлер мен актерлер қатысты. Өз құттықтау сөзінде Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандықтарды тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтап, фильм авторларына лағыс білдірді.
Өз кезегінде кинолента режиссеры Рүстем Абдрашев Нұрсұлтан Назарбаевқа жобаға қолдау білдіргені үшін алғысын айта келіп, осы картинаның ел тәуелсіздігі мерекесінде тұсауы кесілгеніне қуанышты екенін жеткізді.

«Алмас қылыш» - бұл Қазақ хандығының құрылуының, қалыптасуының, «қазақтар» деген этностың пайда болуының тарихы. Фильм қазақ хандығының құрылуы мен алғашқы хандар Керей мен Жәнібектің қазақ хандығын қалыптастыруына негізделген. Сценарийді жазған Смағұл Елубаев, Тимур Жақсылықов және Рүстем Абдрашев.
Айта кету керек, ірі жобаны жүзеге асыру үшін түсірілім тобы1,5 жыл бойы еңбектенді. Лента Алматы мен Алматы облысында, «Қазақфильм» киностудиясының аумағында арнайы жасалған декоративті алаңда түсірілді. Тарихи фильмді түсіруге 500 адамдай жұмылдырылды.
«Алмас қылыш» үлкен экранға алдағы жылдың қаңтарында шығады. Әзірге оқырмандар «Алмас қылыш» фильмінің рецензиясымен таныса алады.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін