È

«Қазақфильм» киностудиясы балаларға арналған анимациялық фильмдер көрсетілімін ұйымдастырды

 «Қазақфильм» киностудиясы балаларға арналған анимациялық фильмдер көрсетілімін ұйымдастырды

«Қазақфильм» және Bekmambetov cinema уақытша ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арнап мультфильмдердің көрсетілімін ұйымдастырды. қайырымдылық шарасы алғыс айту күніне орай ұйымдастырылды.

Киностудияның баспасөз қызметінің жетекшісі Айнұр Исаеваның айтуынша, «Қазақфильм» қамқорлыққа зәру балаларға арналған мұндай шараны бірінші рет ұйымдастырып отырған жоқ. Оның айтуынша соңғы жылдары киностудия мен балалар мекемелерінің арасында жақсы қарым-қатынас орнаған.

Кішкентай көрермендер назарына «Қазақфильм» киностудиясының қысқаметражды анимациялық фильмдері: «Тимур және Жаник», «Мақтаншақ қыз», «Момын мен қарақшылар», «Жерұйық», «Тимур мен Айдахар» және басқа да мультфильмдер ұсынылды.

Алғыс айту күні құрметіне Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» және Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» фильмі де көрсетілді

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса