È

Алматыда «Миымды ашытпаңыздаршы!» комедиясы көрсетілді

Алматыда «Миымды ашытпаңыздаршы!» комедиясы көрсетілді

Алматыда кинотеатрда «Миымды ашытпаңыздаршы!» комедиясының тұсаукесерлі көрсетілімі өтті. Картинаны алғашқы көрермендерге режиссер әрі сценарий авторы Джами Бейсенов, актерлар мен түсірілім тобы ұсынды.

«Миымды ашытпаңыздаршы!» каскадер қыз Жанелдің шытырманға толы оқиғасын баяндайды, ол Шри-Ланкаға әкесін түрмеден шығарып алу үшін барады. Қиын істе оған банк қызметкері Мақсат пен тук-тук жүргізушісі Әли қол ұшын созады.

Кейіпкер Жанелді Nomad Stunts тобының каскадері Жібек Жаппасбаева сомдады. Кинодағы тәжірибесінің көптігіне қарамастан, бойжеткен алғаш рет басты рөлге ие болып отыр.

«Мен түсірілімге кездейсоқ келдім. Бір танысым кастингке шақырды. Сынамадан кейін мені бекітті. Мені физикалық дайындығыма қарап алды деп ойлаймын. Бастапқыда сценарийде көптеген трюктар болды. Каскадер ретінде мен кадр сыртында жүрдім. Ал мына жақта маған басты рөлді ұсынды. Түсірілімнен тек жағымды әсер алдым. Ерекше орындарда түсірдік: ну орманда, теңіз жағалауында дегендей... Барлығы өте әдемі болды. Тек сүліктер ғана аздап ыңғайсыздық тудырды», - деді актриса.

Кинода тек Жібек қана дебют жасаған жоқ, сонымен қатар Мақсатты сомдаған Фархат Құлбаев та алғаш рет бақ сынады. Сондай-ақ, көрермендер таспадан Төлепберген Байсақаловты, Ерден Телемісовті және Ниязбек Шайсұлтановты көре алады.

«Фильм идеясы 5-6 жыл бұрын Таиландта туындаған. Бір бардан жиналып тұрған қазақстандық паспорттарды көріп қалдым. Мен қызығушылық танытып, сұрап едім, қазақтардың ақша жетпей қалғанда паспорттарын тастап кететінін айтты. Осылайша картина идеясы дүниеге келді. Фильмнің мақсаты – өзіңді келеке ету, сарказм және қоғамымыздың айыбын мазақ еті. Атауына келер болсақ, «Миымды ашытпаңыздаршы» («Не египте мне мозги») – танымал кеңестік сөйлем. Мен оған екінші рет өмір бергім келді. Бұл бір. Екіншіден, ол бірден назар аудартады», - деді Джами Бейсенов.

Комедия түсірілімі 2016 жылы Цейлон аралында өткен.

Еске сала кетсек, «Миымды ашытпаңыздаршы!» фильмі айналымға шығып үлгерді.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Адель Данахунова

29 апреля 2018, 14:18

28 апреля очень хотели пойти на этот фильм, но народу не набралось и сеанс не состоялся. Очень жаль, что Казахстанцы не ходят на свои фильмы.

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер