Лиам Нисон «Қарадағы адамдар» спин-оффында Крис Хемсвортке қосылады

Лиам Нисон («Жолаушы», «Үнсіздік») Sony Pictures-пен келіссөз жүргізуде және жақында «Қарадағы адамдар» спин-оффында Крис Хемсвортке («Кек алушылар: Мәңгілік соғыс», «Кавалерия») қосылады. Тесса Томпсон («Аннигиляция», «Тор: Рагнарёк») да осы жобада басты рөлді сомдайды. Жоба режиссері - Ф. Гэри Грей («Форсаж 8», «Көшелер дауысы»).
Сценарийімен белгілі кинохиттердің авторлары, «Трансформерлер: Соңғы сарбаз» және «Темір адам» таспалары арқылы танылған Мэтт Холлоуэй мен Артур Маркам айналысуда. Хемсворт пен Томпсон бұл нұсқада барлығына Уилл Смит пен Томми Ли Джонс сомдауында жақсы таныс болған бұрынғы кейіпкерлерді ойнамайды. Олар әлемді келімсектерден қорғамайды. Сюжет әзірге құпия ұсталуда, бірақ Нисон кейіпкер «Қарадағы адамдар» Лондон ұйымының басшысын сомдайтыны белгілі болды. Сонымен қатар, студия айналымға шығатын уақытты да хабарлады – 2019 жылдың 14 маусымы.
1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
24 мамыр 2018, 02:08прикольно. очень даже неординарность