«Тақтардың ойыны» хикаясы жетінші маусымының бірнеше жаңа көріністері шетелдік тизерге енді
Алтыншы маусымында Дейнерис Темір тақты өзіне қайтарып алу үшін әрі жерді жаулап алу мақсатында әскерлерімен және айдаһарлармен бірге Вестеросқа аттанады. Темір таққа мұрагерлеріні қайтыс болғаннан кейін Серсея патшайым отырады. Осы тұста солтүстік жақтан өзінің зомби әскерлерімен және Ақ жүргіншілерімен Түн Патшасы келеді. Көрермендер жаңа жетінші маусымнан хикая тарихындағы ең мықты соғысты көретін болады. Бұл жолы авторлар көрсетілім бойынша жоғары рекордқа қол жеткізуді көздеп отыр.
Жетінші маусым Джордж Р. Р. Мартиннің аяқталмаған кітабының желісі бойынша түсірілген. Шоураннерлері қайтадан Дэвид Бениофф пен Д.Б. Уайсс болды.
Тұсаукесері - 16 шілде.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін