È

Нұрсұлтан Назарбаев «Анаға апарар жол» фильмінің авторларына мемлекеттік сыйлық табыстады

Нұрсұлтан Назарбаев «Анаға апарар жол» фильмінің авторларына мемлекеттік сыйлық табыстады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Анаға апарар жол» көркем картинасының авторларына әдебиет пен өнер саласындағы 2018 жылдың мемлекеттік жүлдесін табыстады.

Таспадағы оқиға Ұлы Отан соғысы уақытында, 40-жылдары өрбиді. Басты кейіпкер Ілияс өмірдің көптеген сынақтарынан өтеді, ұзақ жылдардан соң баласын үміт үзбей күткен анасымен кездеседі.

«Анаға апарар жол» фильмінен көрініс
«Анаға апарар жол» фильмінен көрініс

Қаулыға сәйкес, жүлде фильм режиссері Ақан Сатаевқа, сценарий авторы Тимур Жақсылықовқа, бас продюсер Әлия Назарбаеваға, актерлар Алтынай Нөгербек пен Әділ Ахметовке ұсынылды.

Еске сала кетсек, «Анаға апарар жол» отандық айналымға 2016 жылдың 8 қыркүйегінде шыққан болатын. Картина «Еуразия көпірі» халықаралық кинофестивалінде таныстырылып, Гран-при жеңіп алды, ал Алтынай Нөгербек үздік актриса атанды.

«Анаға апарар жол» фильмінен көрініс
«Анаға апарар жол» фильмінен көрініс

Сонымен қатар, драма «Сыншылар таңдауы» киножүлдесінің номинацияларында жеңіске жетті, «Үздік әйел рөлі» жүлдесін Алтынай Нөгербек иеленді, «Екінші қатардағы үздік әйел рөлі» сыйлығы Аружан Жазылбековаға табысталды, «Фильмдегі үздік музыка» жүлдесі композиторлар Әлім Заиров пен Роман Вишневскийге ұсынылды.

Одан бөлек, «Анаға апарар жол» Бішкекте VI «Ақ Ілбіріс» Ұлттық киножүлдесінде «Орта Азиядағы үздік фильм» атанды.

 

Превью: kazakhfilmstudios.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса