Биылғы жылдың «Трансформеры: Последний рыцарь» кең көлемді фильмінің кезекті трейлері
«Трансформеры: Последний рыцарь» туындысының авторлары көрермендерді қызықтырып, фильмнің жаңа роликтерін ұсынып жатыр.
YouTube желісінде адамдар мен роботтардың соғысын баяндайтын 3 минуттық жаңа трейлер пайда болды. Бұл бейнежазбада ортағасырлық трансформер-жауынгерлер көрсетілген. Ролик өте қызықты әрі көрермен назарын бірден өзіне аударарлықтай.
Фильмге Марк Уолберг, Изабела Монер, Стэнли Туччи, Тайриз Гибсон, Джон Туртурро, Энтони Хопкинс мырза түскен.
Майкл Бэй аталмыш туындыға 260 миллион доллар жұмсаған.
Тұсаукесері 22 маусымда болады.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін