«Ол 2»: жаңа актерлік құрамның алғашқы біріккен суреті
New Line Cinema студиясы Стивен Кинг романы бойынша түсіріліп жатқан «Ол 2» триллерінің түсірілім алаңынан алғашқы жалпы суретті жариялады. «Жолы болмайтындар» 30 жасқа есейді. Солдан оңға қарай: Джессика Честейн Беверли Марш рөлінде, Джеймс МакЭвой (Билл Денбро), Билл Хейдер (Ричи Тозиер), Джеймс Рэнсон (Эдди Каспбрак), Энди Бин (Стэнли Урис), Джей Райан (Бен Хэнском) және Исайя Мустафа (Майк Хэнлон).
Қазіргі таңда «Ол 2» картинасының ресми синопсисі хабарланбай отыр, Стивен Кинг кітабында оқиға 27 жылдан кейін өрбиді. «Жолы болмайтындар клубының» қатысушылары есейіп, Майклан басқасының барлығы Дерриден кеткен болатын. Ол оралғанда, барлығы қайтадан келуге мәжбүр болады. Екінші бөлімдегі оқиға заманауи өмірде өрбиді, ал былтырғы «Ол» хитіндегі хикая 1989 жылдың жазында болған еді.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін