È

«Оралу. Сау бол, Америка» «КТК» телеарнасынан көрсетіледі

«Оралу. Сау бол, Америка» «КТК» телеарнасынан көрсетіледі

Желіге Дамир Тастембеков режиссерлік еткен «Оралу. Сау бол Америка» атты көпбөлімді фильмнің тизері шықты. Хикаяға Баян Алагөзова продюсерлік етті.

Сюжетте Америкадан келген Алан есімді жас жігіт баяндалады. Қазақ мәдениеті, ауылдағы өмір оған бөтен болып көрінеді. Бір күні ол Бибігүлді жолықтырады, екеуінің арасында сезім пайда болады. Алан өмірін өзгертіп, туған өлкесіне үйре ала ма және осында мәңгілікке қала ала ма?

«Оралу. Сау бол, Америка» фильмінің түсірілімі
«Оралу. Сау бол, Америка» фильмінің түсірілімі

Жобада Алан рөлін RenZo тобының солисті Асқар Ахмет сомдады. Ауылдық қыз Бибігүлді КешYou тобының әншісі Назым Әбілдина ойнады.

«Маған бұл рөл сай келе қалды, өйткені мен шетелдік фильмдерді көріп өстім және ауылда ешқашан болмадым», - деді Асқар Ахмет, деп хабарлайды «КТК».

Сондай-ақ, көпбөлімді картинаға Айгүл Иманбаева, Гүлбахрам Байбосынова, Алмат Сақатов түсті.

«Оралу. Сау бол, Америка» фильмінің түсірілімі
«Оралу. Сау бол, Америка» фильмінің түсірілімі

Продюсердің айтуынша, идея екі жыл бұрын, Швейцариядан келген қазақты жолықтырған кезде туындаған, ол да туған өлкесіне оралып, жергілікті мәдениетке әрең үйренген екен.

Түсірілім Алматы облысы, Шелек ауылында түсірліген.

«Оралу. Сау бол, Америка» хикаясын көрермендер жақында «КТК» телеарнасынан көретін болады.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер