È

Әнші Бүркіт «Тұтқындар» триллерін түсіріп жатыр

Әнші Бүркіт «Тұтқындар» триллерін түсіріп жатыр. Қазақстан киносы

Жақында «Тұтқындар» көркем фильмінің түсірілімі басталды. Оның режиссері - көпшілікке Бүркіт есімімен таныс әнші Айбек Жансейітов. Музыкант өзінің дебютті картинасын Ақмола облысындағы Бурабай курортты аймағында түсіріп жатыр.

Бір жыл бұрын Бүркіт режиссура мен сценарийлік шеберлік дәрістерінен сабақ алып, кино түсіргісі келетінін айтқан болатын. Pandaland.kz сайтына берген сұхбатында әнші көременнің жүрегін елжірететін кинокартиналар түсіруді көздейтінін білдірді. Сондай-ақ, Бүркіт америкалық кинолардың моральдік тұрғыда дұрыс тәрбие бермейтіндігін, өзі зорлыққа құрылған фильмдерді түсірмейтінін кесіп айтқан.

«Тұтқындар» толықметражды картинасы триллер жанрында түсіріліп жатыр. Сондықтан, туындыда зұлымдық пен ашу шақыратын көріністердің болуы әбден мүмкін. Әзірге, фильмге актер Бауыржан Сатовтың және қазақстандық сәнбике Айлин Елеукенованың түсіп жатқаны белгілі.

Кинотаспа өндірісімен «Otan film» киностудиясы айналысуда.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер