È

Алғашқы Almaty film festival кинофестивалінің жеңімпаздары

Алғашқы Almaty film festival кинофестивалінің жеңімпаздары

Алматыда алғашқы Халықаралық Almaty film festival кинофестивалі өз мәресіне жетті. Бас жүлдеге негізгі байқауда екі немесе үш елдерде коөнім арқылы түсірілген 10 фильм таласты.

Фестивальдің Гран-при жүлдесін Дарья Жуктың «Хрусталь» фильмі иеленді. «Үздік режиссер» номинациясына украиндық режиссер Роман Бондарчук «Вулкан» таспасы үшін ие болды. «Үздік актриса» жүлдесін «Сара мен Салимға жеткізу» фильміндегі рөлдері үшін Майсе Абд Эльхади және Сивэйн Крэчнер иеленді. Ал Георгий Бочоришвили «Көкжиек» картинасындағы ойыны үшін үздік актер атанды. «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» драмасы операторлық өнер мен қоюшы-суретшінің жұмысы үшін қазылар алқасының арнайы сыйлығына ие болды.

Георгий Бочоришвили /Almaty film festival
Георгий Бочоришвили /Almaty film festival

Байқаудан тыс «ЮНЕСКО» бағдарламасында деректі кино бөлімінде Кристиан Фрай мен Максим Арбугаевтың «Генезис 2.0» фильмі жеңіске жетті. Олег Беляловтың «Алтын Емел» қазақстандық таспасы «Хабар» агенттігінің жүлдесіне ие болды.

«Әлемдік кинематографқа қосқан үлесі үшін» Almaty film festival естелік мүсіншесі Оңтүстік Кореялық режиссер Ким Ки Дук және неміс актрисасы Настасья Кинскиге берілді.

Жабылу салтанатында питчинг жобалардың жеңімпаздары да анықталды. Серік Әбішев пен Әділхан Ержановтың «Қуандық» жобасы үздік атанды. Фильм фестиваль ұйымдастырушыларының қолдауына ие болып, келесі жылы таныстырылады. Хусейн Ферзаулидің, Сәбина Жүніспекованың және Иван Кващуктың «Сен жалғыз емессің» жобасы «Русская фильм группа» корпорациясының пост-продакшн кезеңіндегі қызметіне ие болды.

Олег Беляловтың «Алтын Емелі» /Almaty film festival
Олег Беляловтың «Алтын Емелі» /Almaty film festival

Фильмдерді қазылар алқасының төрағасы ресейлік режиссер Сергей Бодров, продюсер Гүлнар Сәрсенова, француз продюсерлері Пьер Спенглер мен Марк Рускар, сонымен қатар актриса Настасья Кински бағалады.

Еске салсақ, алғашқы Almaty film festival халықаралық кинофестивальдің президенті режиссер әрі продюсер Ақан Сатаев болды.

 

Превью: Әділхан Ержанов/ Almaty film festival

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер