È

«Қазақша кәсіп Африкада» фильмінің постері мен трейлері

«Қазақша кәсіп Африкада» фильмінің постері мен трейлері

 

Продюсер Нұрлан Қоянбаев дәстүр сақтап, үшінші жыл қатарынан желтоқсанда «Қазақша кәсіптің» жаңа бөлімін жарыққа шығармақ, бірақ бұл жолы комедия кейіпкерлері Африкаға аттанады. Желіге картинаның трейлері мен постері шықты.

Фильм сюжеті Жомарт пен Айсұлудың айналасында өрбиді. Жағдайға орай, олар Африкаға барады, Жомарт сол жақтан шәй кәсібін ашу үшін жергілікті тайпалардың дәстүрлерін зерттеуге кіріседі, оған қазақи тапқырлығы көмектеседі. Бірақ, кейіпкерлер барлық қиындықтарды еңсеріп, отандарына орала ала ма екен?

«Фильм күтпеген қызықтарға толы. Африкаға барып, қызықты дүние түсіру – бұл нонсенс қой. Африка жауыр бола қоймаған тақырып, көптеген компаниялар әзірше ол жақта түсіріп үлгерген жоқ. Сондықтан, менің ойымша, барлығына, әсіресе қазақтарға қызық болатын сияқты», - деді Жан Байжанбаев, деп хабарлайды «КТК».

Режиссерлік орынды Жеңісхан Момышев Анвар Матжановқа ұсынды. Комедия сценаристі - фильмнің өткен бөліміне сценарий жазған Сәбит Рахымбаев. Қоюшы-операторы әдеттегідей, Азамат Дулатов болды.

Актерлік құрамы да өзгерген жоқ: Рамазан Амантай, Нұрлан Қоянбаев, Жан Байжанбаев, Гүлназ Жоланова, Дариға Бадықова.

Еске салсақ, «Қазақша кәсіптің» екінші бөлімінің сюжеті Америкада өрбіді және авторларға 550 миллион теңгеден аса пайда әкелді.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

30 қараша 2018, 00:54

Да как и говорила Гульназ моя любимая. И вправду будет очень смешно. Чем вторая. Но я критик. И буду жестко судить.

Таныс бейне

Тимур Бекмамбетов

Режиссер

Ақан Сатаев

Режиссер