«Көзайым» хикаясы екінші маусымының тұсаукесері
Бүгін, 13 қараша күні «Көзайым» хикаясы екінші маусымының тұсауы кесіледі. Жаңа бөлім «Қазақстан» телеарнасынан көрсетіледі.
«Көзайым» хикаясы махаббат үштігі жайында баяндайды, ағайынды Еркебұлан мен Сұлтан Көзайым есімді қызға ғашық болады. Еркебұлан бойжеткеннің жүрегін барынша жаулап алуға тырысады. Сонымен қатар, Сұлтан да Көзайымды ұнатып қалады. Жаңа маусымда кейіпкерлер сезімі одан әрі шиеленісіп, достық пен қастық, отбасылық кикілжіңдер, адасу секілді жағдайлар орын алады.
Көрермендер жаңа эпизодтардан қайтадан Батыр Байназаров пен Нұрболат Абдуллинді, ал басты кейіпкер образында Ақниет Беласарованы көре алады. Сонымен қатар, мелодраманың екінші маусымына Ерік Жолжақсынов, Айгүл Иманбаева, Азат Сейтметов және Әділ Ахметов түсті.

Екінші маусымның түсірілімі биылғы жылдың тамызынан қыркүйекке дейін өткен. Қоюшы-режиссері - Жасұлан Пошанов, қоюшы-операторы - Влад Зажерило. Көпсериялы фильм Алматыда Bas Dala Grouр компаниясымен түсірілді.
«Көзайымның» жаңа бөлімі 13 қарашадан бастап сағат 21:45-те көрсетіледі. Көрермендерге барлығы 20 эпизод ұсынылады.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін