Bad Robot продюсері Линдси Вебер Amazon-ға жұмысқа ауысты
Bad Robot компаниясының продюсері, фильмдер өндірісі бөлімін басқарған Линдси Вебер («Стартрек: Шексіздік», «Кловерфилд, 10») Amazon-ға жұмысқа ауысты. Ол Джей Джей Абрамспен бірге 12 жыл бойы жұмыс істеді және Bad Robot үшін ең маңызды қызметкерлердің бірі болып табылады. Линдси Вебер мен Абрамс бұдан былай жеке жолдарымен жүреді. Екіге айырылу еш ұрыссыз, эмоционалды қиналыссыз достық жағдайда өтті.
«Линдси Вебер мен үшін нағыз талант иесі болып қала бермек. Ол өзін жұмысқа толықтай арнап, кез-келген істі мінсіз атқара алады. Біз осы кинотраншеяда он жылдан астам шығармашылық қарым-қатынаста болдық. Осы уақытқа дейін ауыр жұмыс соның арқасында барлығы үшін жеңіл көңіл-көтеруге айналатын. Мен Линдсидің жаңа жұмыстарын көргім келеді және оның әр табысын қолпаштауға дайынмын», - деп хабарлады Абрамс өз мәлімдемесінде.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін