«Ең сәтті жыл мезгілі»: Кристен Стюарт жобаның бас жұлдызы болмақ
Кристен Стюарт («Жекелеген сатып алушы», «Ақсүйектік өмір») «Ең сәтті жыл мезгілі» жобасының бас жұлдызы болмақ. Фильм түсірілімімен TriStar Pictures айналысады, ол биыл актрисалар Клеи ДюВалл («Он дюймдік батыр», «Үзілген өмір») және Мэри Холлэнд («Бруклин 9-9» мен «Силиконды алқап» хикаялары) дуэті жазған сценарийін экрандаудың халықаралық құқығын иеленгене ді. Одан бөлек, ДюВалл ірі студиямен серіктесе отырып, режиссер ретінде дебют жасайды.
«Ең сәтті жыл мезгілі» жас әйелдің хикаясын баяндайды, ол жыл сайын отбасының аясында тойлайтын мереке уақытында сүйікті қызына ұсыныс жасауды жоспарлайды. Алайда, серіктесі мұндай қадамға дайын болмай шыққанда және өзінің консервативті ата-анасымен ьайланысын елестете алмағанда бұл жоспардың күл-талқаны шығады. Кристен Стюарттің TriStar Pictures иелік ететін Sony-мен келісім-шарты бар, қазіргі таңда актриса «Чарли першітелері» қайта шығарылымында басты рөлдердің біріне бекітілген.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін