È

«Бөлінбейтін» қылмыстық комедиясының түсірілімі басталды

«Бөлінбейтін» қылмыстық комедиясының түсірілімі басталды. Қазақстан киносы

Жас режиссер Олжас Ахметов «Бөлінбейтін» толықметражды фильмнің түсіріліміне кірісті. Түсірілім тобының құрамына екінші режиссер Салтанат Бақыт және «Офицер намысы» хикаясы мен «Үшеуге арналған той» фильмімен жұмыс істеген қоюшы-оператор Виталий Кистанов енді. Картина түсірілімі Алматы облысында өтіп жатыр.

Сондай-ақ, таспаға Берік Айтжанов, Әзиз Бейшеналиев пен Ерден Тілемісов сынды актерлар түсуде. Әзиз Бейшеналиевке Дарын Тоқтаров жазған сценарий қатты ұнап қалған.

«Бөлінбейтін» қылмыстық қара комедия Тарантино бағытында түсірілуде, мұндай қазақ киносында бұрын-соңды болмаған, ал сценарий маған ерекше әсер етті»,-деді актер «Бродвей» кинопорталына берген сұхбатында.

Олжас Ахметов - «Сталкер» киномектебінің түлегі, режиссер Рашид Нұғыманов пен продюсер Дмитрий Бациевтың шеберлігінде оқыған. «Бөлінбейтін» фильмі режиссердің дебютті толық метрі болмақ. Ахметовтың алғашқы жұмысы Расул Шыбынтайдың әңгімесі бойынша түсірілген «№6 пәтер» қысқа метрі болатын.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер