È

8 шілдеге арналған телебағдарлама

8 шілдеге арналған телебағдарлама

Қазақстанның жас астанасы – Астанаға 19 жыл, ал Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа 76 жыл толды. «Бродвей» кинопорталы отандастарды мерекемен құттықтап, президентке мықты денсаулық тілей отырып, 8 шілде күні отандық телеарналардан көруге болатын фильмдер топтамасын ұсынады.

«Хабар» арнасы мерекелік концерттерден бөлек, көрермендерге бірнеше қазақстандық фильмдерді дайындап қойды. Алдымен Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» картинасы көрсетілмек. Фильмде анасы мен ұлын зұлмат соғыс екіге айырады. Ілияс ұзақ жылдар бойы үйіне оралуды армандайды. Анасының үміт үзбей күтуі мен кейіпкердің түрлі жерлерде болуы арқылы көрермен еліміздің болашағына әсер еткен тарихи оқиғалардың куәсі болады. Басты кейіпкерлерді Әділ Ахметов пен Алтынай Нөгербек сомдады. Көрсетілім сағат 10:45-те басталады.

Сағат 15:00-де «Көшбасшы жолы. Балалық шағымның аспаны» таспасы көрсетілмек. Режиссер Рүстем Әбдірашевтің түсірген фильмі Нұрсұлтан Назарбаевтың балалығы туралы баяндайды. Кішкентай Сұлтан, ата-анасы оны осылай атайтын, бала күнінде ұшқыш болуды армандайтын. Мектеп бітірген соң, Киевтегі азаматтық авиация институтына тапсырғысы келеді. Бірақ, тағдырдың сыйы басқаша болады.

«Көшбасшы жолы. Балалық шағымның аспаны» фильмінен көрініс

«Қазақстан» арнасы көрермендерге Анджелина Джолидің қатысуындағы «Малефисента» фантастикалық хикаясын ұсынады. Картинадағы оқиға Мария ғажайып әлемінің аясында өрбиді. Оның иесі – ақкөңіл сиқыршы Малефисента. Ғашығына адал кейіпкер жаман пиғылға еріп, өкпелеткен адамынан өш алуды көздейді. Көрсетілім сағат 13:00-де басталады.

Сағат 22:25-те «Көшбасшы жолы. Темір тау» драмасының көрсетілімі болады. Үшінші бөлім Назарбаевтың студенттік кезін баяндайды. Елбасы туған елінен Украинадағы Днепродзержинскке оқуға аттанады. Жаңа жерден жаңа достар тауып, ұстаздарын жолықтырады. Картинаға Нұрлан Әлімжанов, Бақытжан Әлпейісов және Арман Әсенов түсті. Фильм режиссері - Рүстем Әбдірашев.

«Малефисента» фильмінен көрініс

«31» телеарнасында 1971 жылы түсірілген «Пілдер – менің достарым» атты әйгілі үнді фильмі көрсетілмек. Әуе апатынан кейін Раджу ну орманда қалып қояды. Бұл жақта балаға пілдер қарайласады. Раджу құтқарылған соң, үйіне жаңа достарын алып келеді. Жылдар өте келе кейіпкердің несиешілдермен бір мәселесі туындайды. Оған көмекке достары- пілдер келеді. Көрсетілім сағат 12:40-та басталады.

Телеарна арнайы жас көрермендеріне «Үш алып. Атпен жүру» мультфильмінің көрсетілімін дайындады. Киев Князі қайтадан бір мәселеге тап болады, оны Юлий атпен бірге тар қапасқа қамап қояды. Кейіпкерлер одан құтылып шығып, үйге жол тартады. Осы кезде Князді үш алып іздеуге шығады. Олар - Илья Муромец, Добрыня Никитич және Алёша Попович. Көрсетілім сағат 16:40-та болады.

«Үш алып. Атпен жүру» мультфильмінен көрініс

«НТК» қазақстандықтарды америка блокбастерлерімен қуантуды жөн санапты. Алдымен 2013 жылы жарыққа шыққан «Темір адам 3» фильмі көрсетіледі. Жаңа бөлімде Тони Старкқа Мандарин атты терроршы қарсы шығады. Теракттарды бірінде Старктың досы мен оққағары жараланады. Осыдан кейін кейіпкер жауызды жекпе-жекке шақырады. Кейіпкерлер арасындағы шайқастың немен аяқталатынын сағат 15:30-да көре аласыздар.

Сағат 21:00-де басты рөлдегі Дуэйн Джонспен «Геракл» фантастикалық атыс-шабыс фильмін тамашалайсыздар. Фильм негізіне көне грек аңызы емес, «Геракл: Фрак соғыстары» комиксі арқау болған. Сюжет бойынша Зевстің ұлы әлемді аралап, жалдамалы қызмет атқарып жүреді. Ол келесі тапсырыс бойынша фрак патшасын қорғау керек болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер