È

«Арман картасы» фильмінің тизері

«Арман картасы» фильмінің тизері

2019 жылдың 17 қаңтарынан бастап отандық айналымға режиссер Мирас Төлеухановтың мотивацияға толы «Арман картасы» фильмі шығады. Әзірге картинаның тизеріне зер салайық.

Сюжетте жайлы өмірге үйреніп қалған жас жігіт суреттеледі. Бұл жігітте бәрі бар – байлық, табыс, әдемілік. Бір күні ол бойжеткенмен танысады да, үйінен арман картасын тауып алады. Сол кезде кейіпкер басты мақсатына жетпегенін түсінеді.

Бай жігіттің рөлін дебютант актер Тимур Камилов сомдайды.

«2 жылдан соң өз киносын түсіріп бітірген режиссёріміздің көз жасы есімде жақсы сақталыпты. Оның табандылығы мені таң қалдырады. «Мақсат болса, құралдар табылады!», - деді Тимур.

Оның серіктесі Анели Айдар болды, ол түсірілім жайлы былай деді: «Мирас екеуіміздің көптеген дүниелерге деген көзқарасымыз ұқсайды. Маған осындай режиссермен жұмыс істеу өте ыңғайлы, сондықтан барымды салғым келеді».

Мирас Төлеухановтан бөлек, картинамен екінші режиссер Күнжана Орманбетова айналысты. Оның айтуынша, сюжетте оған басты кейіпкер Әмір ұнаған, себебі ол өзінің мақсатшылдығымен ерекшеленеді.

«Біздің фильм арманыңа адал болып, өзіңе және өз күшіңе сенудің қаншалықты маңызды екенін баяндайды. Бұл махаббат, сатқындық пен достық жайлы хикая. Фильміміз көптің көңілінен шығып, өздеріне деген сенімділікті арттыруға себеп болады деп үміттенеміз», - деп қоса кетті режиссер.

Картинаның көркемдік-қойылым жағына Байтелиев Әлжан, Камал Гасанов жауапты болды. Операторлық жұмысты Мейірлі Ахмадиев, Әлібек Әмержанов атқарды. Таспаның продюсері Амангелді Әубәкіров болды.

Фильм түсірілімі 22 қыркүйекте басталып, биылғы жылдың қазанында Алматыда аяқталды.

Еске салсақ, Мирас Төлеуханов «Арман картасы» фильміндегі рөлдерге ерекше кастинг жариялаған еді, яғни үміткерлер квесттен өтуі тиіс болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист