È

«Миымды ашытпаңыздаршы» комедиясының постері жарық көрді

«Миымды ашытпаңыздаршы» комедиясының постері жарық көрді

«Миымды ашытпаңыздаршы» отандық комедиясы постерге ие болды. Көрермендер фильмді 26 сәуірден бастап тамашалай алады.

«Миымды ашытпаңыздаршы» комедиялық таспасын режиссер Джами Бейсенов түсірді. Оқиға каскадер қыз Жанель мен Шри-Ланка түрмесіне түсіп қалған әкесінің айналасында өрбиді. Бойжеткенге әкесін қамаудан шығарып алып, отанға оралу үшін екі күн уақыт беріледі. Саяхат кездейсоқ кездесулер мен шиеленіскен хикаяларға толы болады.

Фильмнің ұраны: «Қазақтардың Шри-Ланкадағы шытырман оқиғалары».

Фильм кейіпкерлерін актриса, Nomad Stunts тобының каскадері Жібек Жаппасбаева, Фархат Құлбаев, Төлепберген Байсақалов, Ерден Телемісов және Ниязбек Шайсұлтанов сомдады.

Еске сала кетсек, режиссер Джами Бейсенов үшін бұл фильм үшінші толықметражды ойнамалы жобасы болды. Оның алдыңғы жұмыстары: «Жақ» және «Аймалашы мені».

«Миымды ашытпаңыздаршы» комедиясының тизерін мына жерден көре аласыздар.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер