È

Мәдениет, өнер және спорт саласындағы «Тикетон» отандық жүлдесі бекітілді

Мәдениет, өнер және спорт саласындағы «Тикетон» отандық жүлдесі бекітілді

2018 жылдың наурызында мәдениет, өнер және спорт саласындағы алғашқы «Тикетон» отандық жүлдесінің лауреаттары белгілі болады. Тәуелсіз жүлде Ticketon.kz онлайн-билеттер сатылымы қызметінің бес жылдығына орай бекітілді.

«Тикетон» отандық жүлдесі – жыл сайын өткізілетін байқау, мақсаты – қоғамның мәдени деңгейін көтеру және Қазақстан жобалары мен дарынды адамдарына назар аударту үшін құрылған алаңқай.

Қатысушылар үздік аталым үшін 6 бөлім («Кино», «Театр», «Спорт», «Концерттер», «Балаларға арналған», «Кәсіп пен қоғам») және 26 номинация бойынша бақ сынайды. «Кино» бөлімінің «Жыл киноактрисасы» және «Жыл киноактері» аталымына Әсел Сәдуақасова, Нұрлан Қоянбаев, Айсұлу Әзімбаева, Нұртас Адамбай, Жан Байжанбаев, Сая Оразғалиева, Әзиз Бейшеналиев, Ерден Телемісов, Динара Бақтыбаева, Тәуекел Мүсілім, Жания Қалиева, Әуэз Әуезов, Айым Сейтметова, Гүлнар Байбосынова және Ерболат Ержанов қатысып жатыр.

«Отандық жыл фильмі» номинациясына 8 кинокартина ұсынылған: «Аға ма әлде неке ме?», «Қазақша кәсіп Америкада», «Арман», «Ананы іздеу», «Ол», «Келін де адам баласы», «Анамның сыйлаған қанаттары» және «Бөлінбейтін».

Байқауға қатысушыларға award.ticketon.kz сайты арқылы 2018 жылдың 5 наурызына дейін дауыс беруге болады.

«Тикетон» жүлдесінің ұйымдастырушылық комитетінің құрамында «Ticketon Events» ЖШС бас директоры Виктория Торгунакова, «KazNetEvents» компаниясының директоры Эльмира Тохтахунова, «Award.kz Ұлттық ғаламтор-жүлдесі» ҚҚ директоры Константин Горожанкин, «Digital Lab» ЖШС директоры Виталий Герасимов, жыл сайынғы «Сырласу» театр фестивалінің ұйымдастырушысы Ольга Сұлтанова және «Бродвей» кинопорталының бас директоры Әнуар Кенжибаев бар.

 

3 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

21 февраля 2018, 23:34

Прикольно!

Konstantin Gorozhankin

22 февраля 2018, 10:30

Очень круто! Нам явно не хватало такого честного рейтинга, голосуют за тех, которые собрали больше всего кассовых сборов

Мырзахмет

3 апреля 2018, 02:01

Да очень интересно, да и очень выбор сложный

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер